Халықтың нысаналы тобына жататын тұлғалардың 2011 жылға арналған қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 29 наурыздағы № 121 қаулысы. Қостанай облысы Арқалық қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 12 сәуірде № 9-3-145 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 557 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2011.12.08 № 557 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Халықтың нысаналы тобына жататын тұлғалардың 2011 жылға арналған қосымша тізбесі белгіленсін:
      техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі түлектер;
      үш және одан да артық ай жұмыс істемеген жұмыссыз тұлғалар;
      бұрын жұмыс істемеген жұмыссыздар ( еңбек өтілі жоқ);
      қырық бес жастан асқан жұмыссыздар;
      уақытша және маусымдық жұмыстардың мерзімдері аяқталуына байланысты жұмыстан босатылған жұмыссыздар;
      жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      уәкілетті органның жолдамасымен кәсіби даярлықты және (немесе) қайта даярлықты, біліктілігін арттыруды аяқтаған жұмыссыздар.
      2. Қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н. Шалдыбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 Т. Төлеубаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады