Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 26.12.2012 № 634 қаулысымен (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Занының 5-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Занының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың 2012 жылға арналған қосымша тізбесі белгіленсін:
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйымдардың түлектері;
үш ай және одан да артығырақ жұмыс істемеген жұмыссыз адамдар;
бұрын жұмыс істемеген жұмыссыздар (еңбек өтілі жоқ);
қырық бес жастан асқан жұмыссыздар;
маусымдық және уақытша жұмыстардың мерзімі аяқталуына байланысты жұмыстан босатылған жұмыссыздар;
уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіби даярлықты және (немесе) қайта даярлықты, біліктілігін арттыруды аяқтаған жұмыссыздар;
жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар.
2. "Халықтың нысаналы тобына жататын тұлғалардың 2011 жылға арналған қосымша тізбесін белгілеу туралы" әкімдіктің 2011 жылғы 29 наурыздағы № 121 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-3-145 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 15 сәуірдегі № 14 (347) "Арқалық хабары" газетінде жарияланған) күші жойылды деп есептелсін.
3. Қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н. Шалдыбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы 2012 жылдың 01 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Т. Төлеубаев |
КЕЛІСІЛДІ:
"Арқалық қаласы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
______________ К. Омарова
"Арқалық қаласы әкімдігінің қаржы
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығы
________________ А. Мұхамбетжанова
"Арқалық қаласы әкімдігінің экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
________________ Н. Гайдаренко