2011 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 15 наурыздағы № 150 қаулысы. Қостанай облысы Лисаков қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 31 наурызда № 9-4-181 тіркелді. Күші жойылды - Қолданыстағы мерзімінің тоқтатылуымен байланысты Қостанай облысы Лисаков қаласының әкімінің аппарат 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 13-1-14 хатымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қолданыстағы мерзімінің тоқтатылуымен байланысты Қостанай облысы Лисаков қаласының әкімінің аппарат 2012.01.06 № 13-1-14 хатымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабы 5) тармақшасына, 20-бабының 5-тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемдері және нақты жағдайлары, қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбегіне ақы төлеу мөлшері және оларды қаржыландыруды көзі бекітілсін.
      2. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, әлеуметтік салық және қосылған құн салығы Лисаков қаласының бюджетінен өтеледі және жұмыс берушінің есеп айырысу шотына аударылады екендігі белгіленсін.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2011.05.24 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) қаулысымен.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің орынбасары Ә.С.Сапароваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайда болған қатынастарға өзінің күшін таратады.

      Қала әкімі                                 В. Радченко
 

Әкімдіктің         
2011 жылғы 15 наурыздағы  
№ 150 қаулысымен бекітілген 

Ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемдері және нақты жағдайлары, қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбегіне ақы төлеу мөлшері

Ұйымның
атауы

Жұмыстың
түрлері

Жұмыстың
көлемдері

Қоғамдық
жұмыстардың
ұзақтығы

Қоғамдық
жұмыстарға
қатысушылардың
саны

Лисаков
қаласы
әкімдігінің
"Ұста"
мемлекеттік
коммуналдық
кәсіпорны

Қызметкердің
алдын ала кәсіби
даярлығын талап
етпейтін Лисаков
қаласының,
Октябрь
кентінің,
Красногор
селосының
аумақтарын
санитарлық
тазалауға қатысу

Лисаков
қаласы -
23964480
шаршы
метр;
Октябрь
кенті –
3994080
шаршы
метр;
Красногор
селосы –
1997040
шаршы метр

3 ай

Барлығы: 120
адам, оның
ішінде:
Лисаков
қаласында - 98
адам, Октябрь
кентінде - 16
адам, Красногор
селосында - 6
адам

      кестенің жалғасы:

Қаржыландыру
көзі

Еңбек ақы мөлшері

Қоғамдық
жұмыстарға ақы
төлеу

Қоғамдық
жұмыстардың
нақты жағдайлары

Лисаков
қаласының
бюджеті

Айына ең төменгі
жалақының 2 мөлшері

Барлығы 2011
жылға: 12691,0
мың теңге
қаралды, оның
ішінде қоғамдық
жұмыстарды
ұйымдастыруға:
Лисаков
қаласында
10364,0 мың
теңге, Октябрь
кентінде 1692,0
мың теңге,
Красногор
селосында 635,0
мың теңге

1) жұмыс
уақытының ұзақтығы
аптасына 40
сағаттан аспауға
тиіс;
2) заңнамаға
сәйкес еңбек
қорғау мен
жағдайларды
қамтамасыз етсін,
әрбір жұмыссызбен
қауіпсіздік
техникасы жайында
нұсқау өткізу;
3) қолданыстағы
заңнамаға сәйкес
уақытша еңбекке
жарамсыздығы
бойынша әлеуметтік
жәрдемақы төлеуді
қамтамасыз ету;
4) Қазақстан
Республикасының
Еңбек кодексіне
сәйкес жұмыс
беруші мен
жұмыскер
арасындағы барлық
еңбек
қатынастарын
сақтау;
5) зейнетақымен
қамсыздандыру және
сақтандыру туралы
заңнаманы сақтау

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады