"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 16-бабына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тиісті оқу жылы ішінде сегіз есе айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде үйінде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек-балаларға ай сайынғы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) көрсетілсін.
2. Әлеуметтік көмек "Алтынсарин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен көрсетіледі.
3. Әлеуметтік көмек төлемі екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар арқылы әлеуметтік көмек алушының банктік шотына ақшалай қаражат аудару жолымен жүзеге асырылады.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі бірінші орынбасарының міндетін атқарушы М.Ж. Әбішевке жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратады.
Аудан әкімі | Аудан әкімі |