Қазақстан Республикасының тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды Жангелдин ауданының шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімінің 2011 жылғы 28 ақпандағы № 1 шешімі. Қостанай облысы Жангелдин ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 18 наурызда № 9-9-129 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына сәйкес ШЕШТI:
      1. Қазақстан Республикасының тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды "Қостанай облысы Жангелдин ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) шақыру учаскесіне тіркеу 2011 жылғы қаңтар-наурызында ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Селолық округтер, селолар әкімдері тіркеуді өткізу кезеңінде "Қостанай облысы Жангелдин ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) шақыру учаскесiне шақырылушыларды хабардар етуді және олардың дер кезінде келуін ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
      3. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Жангелдин аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігеріне (келісім бойынша) тіркеу жөніндегі іс шаралар өткізу ұсынылсын.
      4. "Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігі Қостанай облысы ішкі істер Департаментінің Жангелдин ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығына (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асыру ұсынылсын.
      5. Осы шешімнің орындалуына бақылау Жангелдин ауданы әкімінің орынбасары Т.Аубакировке жүктелсін.
      6. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың қаңтарынан бастап туындаған іс-әрекеттерге таратылады.

      Жангелдин ауданының әкімі                  Н. Төлепов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қостанай облысы әкімдігі денсаулық
      сақтау басқармасының "Жангелдин
      аудандық орталық ауруханасы"
      мемлекеттік коммуналдық қазыналық
      кәсіпорынының бас дәрігері
      ___________________ Б. Уалиев

      Қазақстан Республикасы ішкі істер
      министрлігі Қостанай облысының
      ішкі істер департаменті "Жангелдин
      ауданының ішкі істер бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ____________________ А. Қабажаев

      "Қостанай облысы Жангелдин ауданының
      Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ________________________ Қ. Төлебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады