Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 28 наурыздағы № 182 қаулысы. Қостанай облысы Жітіқара ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 1 сәуірде № 9-10-159 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 18, 19, 23 баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығын орындау үшін, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ, он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
      2. Аудандық шақыру және медициналық комиссияларының жұмысы ұйымдастырылсын.
      3. "Қостанай облысы Жітіқара ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне ұсынылсын (келісім бойынша) облыстық жиын пунктіне шақырылушыларды жеткізуді қамтамасыз етсін.
      4. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігінің Қостанай облысы ішкі істер департаментінің Жітіқара қаласы және Жітіқара ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскери қызметке шақыруды жүргізу және командаларды жөнелту кезеңінде ұсынылсын:
      1) мерзімді әскери қызметке шақырудан жалтарып жүргендерді іздестіруді және ұстауды жүргізсін;
      2) аудандық әскерге шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіпті қолдау жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын.
      5. Әскери қызметке шақырылуға байланысты, іс-шараларды қаржыландыруды, "Жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралары" бағдарламасы бойынша 2011 жылға арналған аудандық бюджетте қарастырылғандай қаражат есебінен жүзеге асырсын.
      6. Әскери қызметке шақыруды өткізудің қоса ұсынылған кестесі бекітілсін.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Ә. Жаулыбаевқа жүктелсін.
      8. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған іс-әрекеттерге таратылады.

      Жітіқара
      ауданының әкімі                            Қ. Испергенов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қостанай облысы Жітіқара
      ауданының қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ________________ Б. Берекетов

      "Қазақстан Республикасы
      Ішкі істер министрлігінің
      Қостанай облысы ішкі істер
      департаментінің Жітіқара
      қаласы және Жітіқара
      ауданының ішкі істер бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ___________________ Д. Төребаев

      "Қостанай облысы әкімдігі
      денсаулық сақтау басқармасының
      "Жітіқара аудандық орталық
      ауруханасы" мемлекеттік
      коммуналдық қазыналық
      кәсіпорнының бас дәрігері
      __________________ Д. Эстияров

      "Жітіқара ауданының қаржы
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      _________________ В. Никитченко

2011 жылғы 28 наурыздағы
№ 182 әкімдік қаулысымен
бекітілген     

Әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі


р/т

Елді мекендердің
атаулары

Әскерге
шақырылушылар
саны

Шақыру
комиссиясының
жүргізілу күні

1.

Жітіқара қаласы

40

2011 жылғы 4 сәуір

2.

Жітіқара қаласы

40

2011 жылғы 5 сәуір

3.

Жітіқара қаласы

40

2011 жылғы 6 сәуір

4.

Пригородный
ауылы

18

2011 жылғы 7 сәуір

5.

Забеловка селосы

22

2011 жылғы 7 сәуір

6.

Аққарға селосы

9

2011 жылғы 8 сәуір

7.

Степной селосы

10

2011 жылғы 8 сәуір

8.

Тоқтаров селолық
округі

9

2011 жылғы 8 сәуір

9.

Приречный селосы

12

2011 жылғы 8 сәуір

10.

Волгоград селосы

8

2011 жылғы 11 сәуір

11.

Мүктікөл селолық
округі

8

2011 жылғы 11 сәуір

12.

Большевик селолық
округі

12

2011 жылғы 11 сәуір

13.

Тимирязев селосы

6

2011 жылғы 11 сәуір

14.

Шевченковка
селосы

4

2011 жылғы 12 сәуір

15.

Милютин селосы

12

2011 жылғы 12 сәуір

16.

Чайковский ауылы

12

2011 жылғы 12 сәуір

17.

Ырсай селосы

6

2011 жылғы 12 сәуір

18.

Жітіқара қаласы

40

2011 жылғы 13 сәуір

19.

Жітіқара қаласы

40

2011 жылғы 14 сәуір

20.

Жітіқара қаласы

40

2011 жылғы 15 сәуір

21.

Тоқтаров селолық
округі

15

2011 жылғы 3 қазан

22.

Волгоград селосы

13

2011 жылғы 3 қазан

23.

Мүктікөл селолық
округі

12

2011 жылғы 3 қазан

24.

Тимирязев селосы

14

2011 жылғы 4 қазан

25.

Степной селосы

15

2011 жылғы 4 қазан

26.

Шевченковка
селосы

6

2011 жылғы 4 қазан

27.

Милютин селосы

14

2011 жылғы 5 қазан

28.

Чайковский ауылы

12

2011 жылғы 5 қазан

29.

Аққарға селосы

12

2011 жылғы 5 қазан

30.

Ырсай селосы

10

2011 жылғы 6 қазан

31.

Забеловка селосы

18

2011 жылғы 6 қазан

32.

Пригородный ауылы

16

2011 жылғы 6 қазан

33.

Большевик селолық
округі

24

2011 жылғы 7 қазан

34.

Приречный селосы

16

2011 жылғы 7 қазан

35.

Жітіқара қаласы

40

2011 жылғы 10 қазан

36.

Жітіқара қаласы

40

2011 жылғы 11 қазан

37.

Жітіқара қаласы

40

2011 жылғы 12 қазан

38.

Жітіқара қаласы

40

2011 жылғы 13 қазан

39.

Жітіқара қаласы

40

2011 жылғы 14 қазан

40.

Жітіқара қаласы

40

2011 жылғы 17 қазан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады