Мәслихаттың 2010 жылғы 20 тамыздағы № 269 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 2011 жылғы 1 қарашадағы № 387 шешімі. Қостанай облысы Жітіқара ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 11 қарашада № 9-10-169 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 290 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 29.12.2014 № 290 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген, "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" мәслихаттың 2010 жылғы 20 тамыздағы № 269 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-10-147 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 9 қыркүйектегі "Житикаринские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:
      4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "4. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға қажетті құжаттар ұсынылған сәттен бастап, күнтізбелік 10 күннің ішінде өтініш берушіге тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабар етеді, немесе тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тарту туралы дәлелденген жауап береді, оның бір данасы өтініш берушіге беріледі.".
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жітіқара аудандық
      мәслихатының кезектен
      тыс сессиясының төрағасы                   А. Пфейфер

      Жітіқара аудандық
      мәслихатының хатшысы                       М. Кененбаева

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Жітіқара ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
      _________ И. Григорьева

      "Жітіқара ауданының экономика
      және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттік мекесінің бастығы"
      ________ Г. Жидебаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады