Үйде тәрбиеленіп және оқытылып жатырған мүгедек-балаларға әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 62 қаулысы. Қостанай облысы Қамысты ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 13 мамырда № 9-11-118 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 377 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 08.12.2011 № 377 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 14)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік Кодексінің 56-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабына сәйкес, Қостанай облысы әкімдігінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 128 "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек-балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы" (нормативтік-құқтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3617 болып тіркелінген) қаулысына, Қамысты аудандық мәслихатының 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 255 "Қамысты ауданының 2011-2013 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" (нормативтік-құқтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-11-111 болып тіркелінген) шешімінің негізінде, "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Қамысты ауданының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Үйде тәрбиеленіп және оқытылып жатырған мүгедек-балаларға сегіз айлық есептік көрсеткіш көлемінде жергілікті бюджеттен ай сайын әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      2. "Қамысты аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жоғарыда аталған әлеуметтік көмек түрлерін тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган болып (бұдан әрі-уәкілетті орган) анықталсын.
      3. Әлеуметтік көмекті төлеу екінші деңгейдегі банкілер арқылы немесе банкілік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар арқылы әлеуметтік көмек алушының банкалық шотына ақша қаражатын аудару арқылы жүзеге асырылады.
      4. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру осы мақсаттарға бюджетпен қарастырылған сомалар шегінде "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек-балаларды материалдық қамту" бюджеттік бағдарламалар бойынша жүргізілсін, төлем ай сайын оқу кезеңінде жүргізілсін.
      5. Қостанай облысы әкімдігінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 128 "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек-балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы" (нормативтік-құқтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3617 болып тіркелінген) қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес, әлеуметтік көмек уәкілетті органға өтінішпен келген айдан бастап тағайындалады деп анықталсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Асқар Жақанұлы Жақсыбаевқа жүктелсiн.
      7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi және 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап іс-әрекет етеді.
      Қамысты
      ауданының әкімі Б. Өтеулин

      КЕЛІСІЛДІ:
      "Қамысты ауданының
      қаржы бөлiмi" мемлекеттiк
      мекемесiнiң бастығы
      __________ Әлпаева С.Ж.
      "Қамысты аудандық
      жұмыспен қамту және әлеуметтiк
      бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттiк мекемесінің бастығы
      __________ Иванченко Л.П.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады