Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 25 қазандағы № 302 қаулысы. Қостанай облысы Қамысты ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 9 қарашада № 9-11-126 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 3 ақпандағы № 14 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 03.02.2016 № 14 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабының 1) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қамысты ауданы бойынша жұмыс орындарының жалпы санының үш пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      2. "Қамысты аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі квотаға сәйкес мүгедектерді жұмыс орындарына жұмысқа орналасуына жіберуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Асқар Жақанұлы Жақсыбаевқа жүктелсiн.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкiмi                                Б. Өтеулин

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қамысты аудандық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ________________ Л.П. Иванченко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады