Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2012.05.16 № 114 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабы 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес, әлеуметтік көмекке мұқтажды және жұмыс іздестіргенде қиыншылықты бастан кешіріп жүрген бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған бітірушілеріне жұмысқа орналасуға жәрдем көрсету мақсатында, Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан кәсіпорындарында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының 0,5 пайызы мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Аудан кәсіпорындарында интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған бітірушілері үшін жұмыс орындарының жалпы санының 0,5 пайызы мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
3. "Қамысты аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған бітірушілеріне квотаға сәйкес, жұмыс орындарына жұмысқа орналасуына жәрдемді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Асқар Жақанұлы Жақсыбаевқа жүктелсiн.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкiмi Б. Өтеулин
КЕЛІСІЛДІ:
"Қамысты аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
__________________ Л.П. Иванченко