Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2011.06.29 № 186 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 16-бабына, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 20-бабына, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміндегі нөмірі № 9-13-119 болып тіркелген "Қарасу ауданының 2011-2013 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" Қарасу аудандық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 291 шешіміне сәйкес, "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж болған азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламаны іске асыру мақсатында Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жергілікті бюджеттен мынадай әлеуметтік төлемдер түрлері белгіленсін:
1) Ай сайынғы қосымша әлеуметтік көмек: Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне 4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға, мүгедектеріне 2,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратындарға емделу аяқталғаннан кейін, қосымша тамақтануына табыстарын есепке алмай 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек;
3) жетпіс айлық есептік көрсеткіштен аспайтын нақты залал мөлшерінде өрт немесе су басу салдарының нәтижесінде әлеуметтік көмекке мұқтаж ететін халықтың әлеуметтік қорғалатын жіктеріне жататын отбасыларға (азаматтарға) біржолғы әлеуметтік көмек. Төтенше жағдайды енгізу үшін негіз болып табылған жағдайлардың нәтижесінде зардап шеккендерді қоспағанда;
4) барлық санаттағы мүгедектерге нақты шығын бойынша жедел емделуіне табысына қарамастан 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын біржолғы әлеуметтік көмек;
5) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар азаматтарға (отбасыларға) 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек;
6) аз қамтылған отбасылардың қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек;
Әлеуметтік көмек қайтыс болған күні баланың ата-анасының біреуі немесе өзге де заңды өкілі жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органда жұмыссыз ретінде ресми тіркелгенсе, өтініш берушіге тағайындалады және төленеді;
7) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек;
Қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмек олар қайтыс болған сәтінде жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде ресми тіркелсе, қайтыс болған жұмыссыздардың отбасы мүшелеріне немесе жерлеуді жүзеге асырған тұлғаға тағайындалады және төленеді;
8) біржолғы әлеуметтік көмек: Жеңіс күніне – Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 5000 теңге мөлшерінде; Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға 2000 теңге мөлшерінде.
9) Мемлекеттік білім гранттар иелері және (немесе) білім беру ұйымдарында оқуды төлеуге бағытталған мемлекеттік бюджеттен басқа да бір төлемдерді алушылар болып табылатын тұлғаларды қоспағанда, техникалық және кәсіптік білім, ортадан кейінгі және жоғары білім алуларына байланысты шығындарын өтеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен табысымен отбасылардың жастарына әлеуметтік көмек. Көмек оқу жыл бойы бір рет аударылатын жылдық оқу құны мөлшерінде көрсетіледі.
2. "Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) әлеуметтік көмекті тағайындау мен төлеу жөнінде уәкілетті органы болып белгіленсін.
3. Мыналар белгіленсін:
1) Әлеуметтік көмекті тағайындауда уәкілетті органның тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімі қажетті қажетті құжаттарды қоса беруімен өтініш берген сәттен бастап күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімде әлеуметтік көмекті көрсету жөніндегі аудандық комиссияның ұсынысын ескере отырып, ал егер басқа субъектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпаратты алу немесе орынға баруымен тексеріс қажет болған жағдайда өтініш түскен күннен күнтізбелік отыз күн ішінде қабылданады;
2) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне ай сайынғы қосымша әлеуметтік көмек өтініш берген айынан бастап тағайындалады және өтініш берушінің қайтыс болуына немесе аудан аумағының шегінен көшіп кетуіне байланысты тоқтатылады.
4.Әлеуметтік көмекті тағайындауда бас тартуына негіз болып табылады:
1) өтініш беруші жалған ақпарат берген жағдайда;
2) осы қаулының 1 тармағына сай көмек көрсетілетін азаматтар санатына өтініш берушінің сәйкес келмеуі.
5. Әлеуметтік көмекті тағайындау туралы шешімін енгізу сәтінен 10 күн ішінде әлеуметтік көмектің төлемдері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы әлеуметтік көмек алушының ағымдағы шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен жүзеге асырылады.
6. Әлеуметтік көмектің қаржыландыру "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж болған азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарлама бойынша жүргізілсін.
7. Осы қаулымен қарастырылған, осы қаулының қосымшасына сәйкес, әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттар тізімі белгіленсін.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімінің орынбасары А.Ғ. Қисиқовқа жүктелсін.
9. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарына таратылады.
Қарасу
ауданының әкімі А. Сейфуллин
КЕЛІСІЛДІ:
"Қарасу ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
______________ А. Ерменова
Әкімдіктің
2011 жылғы 14 наурыздағы
№ 74 қаулысына қосымша
Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті
құжаттардың тізбесі
1. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін міндетті құжаттар:
әлеуметтік көмек үшін жолыққан тұлғаның өтініші;
өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
өтініш берушінің тұрғылықты орнын растайтын құжаты;
салық төлеуші куәлігінің көшірмесі;
әлеуметтік жеке коды куәлігінің көшірмесі;
ағымдағы шоты немесе карточка базасындағы ағымдағы шотының нөмірі.
Кәмелетке толмаған баланың заңды өкілі болып табылатын өтініш беруші үшін – көрсетілген мәртебесін растайтын құжат көшірмесі.
2. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін мынадай құжаттар қосымша ұсынылады:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілгін тұлғаларға ай сайынғы қосымша әлеуметтік көмек:
Осы азамат "Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде есепте тұрмаған жағдайда, алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі.
2) Мамандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратындарға біржолғы әлеуметтік көмек:
науқастың емделуде жүргенін растайтын тиісті медициналық мекемеден анықтама;
баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (кәмелетке толмаған балалар үшін);
3) Өрт немесе су тасқыны салдарынан болған залалдың нәтижесінде әлеуметтік көмекке мұқтаж болған халықтың әлеуметтік қорғалатын жіктеріне жататын отбасыларға (азаматтарға) біржолғы әлеуметтік көмек:
қарастырылған төлемді енгізуге жағдай болғанын растайтын тиісті органдардан құжаттар;
келтірілген шығынның сомасын растайтын құжаттар.
4) Табысына қарамастан барлық санаттағы мүгедектерге біржолғы әлеуметтік көмек:
емделудің бағасын растайтын құжаттар;
5) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар азаматтарға (отбасыларға) біржолғы әлеуметтік көмек:
өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанға табыстары туралы мәліметтерді растайтын анықтама;
6) аз қамтылған отбасылардың қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге біржолғы әлеуметтік көмек:
қайтыс болу туралы күәліктің көшірмесі немесе қайтыс болу туралы анықтама, баланың тууы туралы актілерді жазудан үзінді;
ата-ананың біреуі немесе өзге де заңды өкілдері жұмыспен қамту бойынша уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама.
өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанға табыстары туралы мәліметтерді растайтын анықтама;
Егер жерлеу қайтыс болған адамның отбасы мүшелерімен жүзеге асырылса, өтініш беруші туыстық қатынастарын растайтын құжат көшірмесін ұсынады.
Егер жерлеу қайтыс болған адамның отбасы мүшелерімен жүзеге асырылмаса өтініш беруші жерлеуді жүзеге асырғанын растайтын ритуалдық қызметтен алынған құжат көшірмесін ұсынады.
7) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар отбасылардың қайтыс болған жұмыссызды жерлеуге біржолғы әлеуметтік көмек:
қайтыс болу туралы күәліктің көшірмесі немесе қайтыс болу туралы анықтама;
жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органнан қайтыс болғанның жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама.
Егер қайтыс болған адамды жерлеу отбасы мүшелерімен жүзеге асырылса, өтініш беруші туыстық қатынастарын растайтын құжат көшірмесін ұсынады.
Егер қайтыс болған адамды жерлеу отбасы мүшелерімен жүзеге асырылмаса өтініш беруші жерлеуді жүзеге асырғанын растайтын ритуалдық қызметтен алынған құжат көшірмесін ұсынады.
8) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне, оларға теңестірілген тұлғаларға Жеңіс күніне орай біржолғы әлеуметтік көмек:
Ұлы Отан соғысы қатысушысының куәлігі;
Егер де азамат уәкілетті органда тіркеуде тұрмаған жағдайда Ұлы Отан соғысы мүгедегінің куәлігі;
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар тиісті белгісі бар зейнетақы құжаттарын ұсынады.
9) Техникалық және кәсіптік білім, ортадан кейінгі және жоғары білім алуына байланысты шығындарын өтеу үшін, ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың жастарына әлеуметтік көмек:
өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанға табыстары туралы мәліметтерді растайтын анықтама;
тиісті оқу орнымен берілген оқу орнын растайтын және оқу жылына төлем мөлшерін растайтын құжат;
Оқу ақысын төлеуді растайтын құжат, төлем жасалғаннан кейін беріледі;
3. Құжаттар салыстыру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, осыдан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге өтініш берген күні қайтарылады.