Қарасу ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2011 жылға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 2011 жылғы 14 маусымдағы № 344 шешімі.Қостанай облысы Қарасу ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 27 маусымда № 9-13-131 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 2014 жылғы 23 маусымдағы № 02-4-128 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 23.06.2014 № 02-4-128 хатымен).

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7-бабының 3-тармағының 4) тармақшасына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысының 2-тармағына сәйкес, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 51 қаулысына сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары 2011 жылы ұсынылсын.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қарасу ауданының 2011.09.29 № 386 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарасу аудандық
      мәслихатының он алтыншы
      сессиясының төрағасы:                      А. Феоктистов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қарасу ауданы әкімдігінің
      кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы
      және ветеринария бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы:
      _________________ Е. Балжақаев

      "Қарасу ауданы әкімдігінің
      экономика және бюджеттік жоспарлау
      бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы:
      _________________ Л. Евсюкова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады