"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қарасу ауданы бойынша жекешелендіруге жататын аудандық коммуналдық меншіктегі объектілердің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімінің орынбасары А.Ғ. Қисиқовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А. Сейфуллин
КЕЛІСІЛДІ:
Қарасу ауданы
әкімдігінің
қаржы бөлімі
мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_______ И. Горлова
Әкімдіктің
2011 жылғы 25 қазандағы
№ 275 қаулысымен бекітілген
Қарасу ауданы бойынша жекешелендіруге жататын аудандық коммуналдық меншіктегі объектілердің тізбесі
Рет- |
Объектінің |
Объектінің |
Негізі |
Объектінің |
1 |
"ВАЗ 21213" |
Қарасу ауылы, |
"Қарасу ауданы |
Техникалық |