2011 жылы халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы

Жаңа

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 18 наурыздағы № 76 қаулысы. Қостанай облысы Меңдіқара ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 19 сәуірде № 9-15-148 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 57-баптарына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2011 жылға халықтың нысаналы топтарының тізбесі анықталсын:
      1) табысы аз адамдар;
      2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
      3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
      4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдары бар азаматтар;
      6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
      7) мүгедектер;
      8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
      9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      10) оралмандар;
      11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
      12) жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
      13) ұзақ уақыт жұмыс істемейтін азаматтар (он екі айдан көп);
      14) кәсіби және техникалық, орта білімнен кейінгі түлектер;
      15) уәкілетті органдардың жолдамасы бойынша кәсіптік оқуды бітірген жұмыссыздар;
      16) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жұмыссыз жастар;
      17) елу жастан асқан жұмыссыз азаматтар.
      2. "Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шараларды көздесін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.К. Киікбаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Меңдіқара
      ауданының әкімі                            Б. Жақыпов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Меңдіқара ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі"мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      __________________ С. Плотникова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады