Мәслихаттың 2010 жылғы 21 қазандағы № 374 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесі туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 2011 жылғы 28 қазандағы № 491 шешімі. Қостанай облысы Меңдіқара ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 21 қарашада № 9-15-159 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 2014 жылғы 22 сәуірдегі № 252 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 22.04.2014 № 252 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1.Аудандық мәслихаттың "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесі туралы" 2010 жылғы 21 қазандағы № 374 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-15-137 тіркелген, 2010 жылғы 18 қарашада "Меңдіқара үні" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің тақырыбы келесі редакцияды жазылсын:
      "Тұрғын үй көмегін тағайындау ережесі туралы";
      көрсетілген шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "1. Қоса берілген тұрғын үй көмегін тағайындау ережесі бекітілсін.";
      көрсетілген шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсету ережелерінде:
      тақырып келесі редакцияда жазылсын:
      "Тұрғын үй көмегін тағайындау ережесі";
      4 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "4. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға қажетті құжаттарды ұсынылған сәттен бастап күнтізбелік 10 күннің ішінде өтініш берушіге тұрғын үй көмегі тағайындалғаны немесе тұрғын үй көмегін тагайындаудан бас тарту туралы дәлелденген жауабын береді, жауаптың бір данасы өтініш берушіге беріледі.".
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы                            Г. Қаленова

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    В. Леонов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Меңдіқара ауданының
      жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ________ С. Плотникова

      "Меңдіқара ауданының
      экономика және бюджет
      жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ________ Г. Айсенова


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады