"Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 19, 23, 44-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 250 қаулысына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
2. "Науырзым ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі аудандық шақыру учаскесiндегi техникалық жұмыстар үшiн, жалақыларын сақтай отырып екі қызметкер бөлсін.
3. "Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі Қостанай облысының ішкі істер Департаменті Науырзым ауданының iшкi iстер бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне (келісім бойынша):
1) мерзімді әскери міндетті орындаудан бас тартқан тұлғаларды жеткізуді қамтамасыз ету;
2) аудандық әскерге шақыру учаскесінде әскерге шақырылушылар ортасында қоғамдық тәртіпті сақтауды қолдау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру ұсынылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Х.С. Қуатқановқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейiн қолданысқа енгiзiледі және 2011 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған іс-әрекеттерге таратылады.
Аудан әкiмi Б. Кеңесбаев
КЕЛIСIЛДI:
"Қазақстан Республикасы ішкі істер
министрлігі Қостанай облысының
ішкі істер Департаменті Науырзым
ауданының iшкi iстер бөлiмi"
мемлекеттiк мекемесiнің бастығы
__________________ Н. Байкасов
"Қостанай облысы Науырзым ауданының
Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
___________________ Е. Смағұлов