Мәслихаттың 2011 жылғы 13 мамырдағы № 375 "Аудандық ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2011 жылы тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау және көтерме жәрдемақы ұсыну туралы

Жаңа

Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 2011 жылғы 15 қыркүйектегі № 401 шешімі. Қостанай облысы Науырзым ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 7 қазанда № 9-16-123 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі № 753 қаулысына сәйкес, Науырзым аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Аудандық ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2011 жылы тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау және көтерме жәрдемақы ұсыну туралы" аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 13 мамырдағы № 375 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-16-121 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 30 мамырдағы № 16 "Науырзым тынысы" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "1. 2011 жылы ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорттың мамандарына тұрғын үй сатып алу үшін көтерме жәрдемақы мен бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау ұсынылсын.".
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы
      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    Б. Аманбаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Науырзым ауданының экономика
      және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ___________________ Н. Дехтярева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады