2011 жылға арналған халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы

Жаңа

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 78 қаулысы. Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 6 сәуірде № 9-17-112 тіркелді

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабына, 7-бабының 2) тармақшасына және 9-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31- бабына сәйкес Сарыкөл ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. 2011 жылға арналған жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшiн халықтың нысаналы топтары қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары С.М. Дүтпаевқа жүктелсiн.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкiмi                                Қ. Габдулин

Әкімдіктің       
2011 жылғы 3 наурыздағы 
№ 78 қаулысына қосымша 

2011 жылға арналған жұмыспен қамтуға жәрдемдесу
үшiн халықтың нысаналы топтары

      1. Табысы аз адамдар.
      2. Жиырма бiр жасқа дейiнгi жастар.
      3. Балалар үйлерiнiң тәрбиеленушiлерi, жетiм балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейiнгi балалар.
      4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызiлiктi, көп балалы ата-аналар.
      5. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен асырауында тұрақты күтiмдi, көмекті немесе қадағалауды қажет етедi деп танылған адамдары бар азаматтар.
      6. Зейнеткерлiк жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлiкке шығуға екi жыл қалған).
      7. Мүгедектер.
      8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi қатарынан босаған адамдар.
      9. Бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар.
      10. Оралмандар.
      11. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер.
      12. Жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар жатады.
      13. Жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар.
      14. Алған мамандығы бойынша еңбек өтілі мен тәжірбиесі жоқ техникалық және кәсіптік білім, орта білімнен кейінгі ұйымдардың түлектері.
      15. Ұзаққа созылған (он екі және одан көп айлар) жұмыссыздықты бастан кешірген адамдар.
      16. Елу жастан асқан адамдар.
      17. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органының жолдамасы бойынша кәсіптік оқуды бітірген жұмыссыздар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады