Жер салығының базалық ставкасына түзету коэффициенттері туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2011 жылғы 14 наурыздағы № 237 шешімі. Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 25 сәуірде № 9-17-116 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2011 жылғы 8 маусымдағы № 254 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2011.06.08 № 254 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 11 бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес және бекітілген Қостанай облысы Сарыкөл ауданы жерлерін аймақтандыру сұлбасының негізінде, Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қосыла беріліп отырған жер салығының базалық ставкасына түзету коэффициенттері бекітілсін.
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс
      сессияның төрайымы                         А. Өмірзақова

      Аудандық
      мәслихатының хатшысы                       У. Айғұлақов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Сарыкөл ауданы әкімдігінің
      жер қатынастары бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      _______________ С. Шармұхаметов

      "Сарыкөл ауданы бойынша
      салық комитеті" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _______________ Ғ. Шохметов

Аудандық мәслихатының 
2011 жылдың 14 наурыздағы
№ 237 шешімімен бекітілген

Жер салығының базалық ставкасына түзету
коэффициенттері

Аймақтар

Жер салығының базалық
ставкаларына
түзету коэффициенттері

1

0,5

2

0,6

3

0,7

4

0,8

5

0,9

6

1,0

7

1,1

8

1,2

9

1,3

10

1,4

11

1,5

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады