Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 10.02.2016 № 32 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31-бабының 1-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес Сарыкөл ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Сарыкөл ауданының жұмыс орындарының жалпы санынан мүгедектер үшін үш пайыз мөлшерiнде квота белгіленсін.
2. "Сарыкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi (Ю.А. Кондриков) квотаға сәйкес мүгедектердiң жұмыс орындарына жұмысқа орналасуы үшiн жолдама қамтамасыз етсiн.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкiмi Қ. Ғабдулин
КЕЛIСIЛДI:
"Сарыкөл ауданы әкiмдiгiнiң
жұмыспен қамту және әлеуметтiк
бағдарламалар бөлiмi" ММ бастығы
___________________ Ю. Кондриков