Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2011 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік несие ұсыну туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2011 жылғы 11 мамырдағы № 248 шешімі. Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 9 маусымда № 9-17-120 тіркелді. Шешімінің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2012 жылғы 19 қарашадағы № 132 хаты)

      Ескерту. Шешімінің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2012.11.19 № 132 хаты).

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына сәйкес, Сарыкөл ауданы әкімінің 2011 жылдың 11 сәуіріндегі № 07-15/316 хатын қарастырып, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт салалары мамандарына қажеттілікті ескере отырып Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. 2011 жылы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезекті
      сессияның төрайымы                         Р. Сейтқожина

      Аудандық
      мәслихатының хатшысы                       У. Айғұлақов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Сарыкөл ауданы әкімдігінің
      ауыл шаруашылық бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      ______________ М. Төлемісов

      "Сарыкөл ауданы әкімдігінің
      экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      __________________ И. Насыров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады