Аудандық бюджет қаражаты есебінен кемінде жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар, ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласының азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесін анықтау туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 383 қаулысы. Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 30 желтоқсанда № 9-17-130 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 9 шілдедегі № 251 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 09.07.2013 № 251 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудандық бюджет қаражаты есебінен кемінде жиырма бес процентке жоғарылатылған лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар, ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласының азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                      А. Тұрсынов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Сарыкөл аудандық
      мәслихатының хатшысы
      ________ У. Айғұлақов

Әкімдіктің        
2011 жылғы 7 желтоқсандағы 
№ 383 қаулысына қосымша  

Аудандық бюджет қаражаты есебінен кемінде
жиырма бес процентке жоғарылатылған лауазымдық жалақылар
мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар, ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру,
білім беру, мәдениет және спорт саласының
азаматтық қызметшілер лауазымдарының
тізбесі

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
      1) үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі;
      2) күту бойынша әлеуметтік жұмыскер.
      2. Білім мамандарының лауазымдары:
      1) мектептегі барлық мамандықтарының мұғалімдері;
      2) мектеп директоры;
      3) мектепке дейінгі ұйымның меңгерушісі;
      4) қосымша білім беру ұйымның директоры;
      5) қосымша білім беру педагогы;
      6) педагог-психолог;
      7) әлеуметтік педагогы;
      8) оқу жұмысы бойынша меңгеруші, тәрбие жұмыстары бойынша меңгеруші-ұйымдастырушы;
      9) бастапқы әскери дайындық бойынша оқытушы-ұйымдастырушы;
      10) қазақ тілі оқытушысы;
      11) бейнелеу өнері бойынша оқытушысы;
      12) аға тәрбиеші, тәрбиеші;
      13) аға жетекші, жетекші;
      14) медбике;
      15) емдәмдік бике;
      16) кітапханашы;
      17) аға әдіскер, әдіскер;
      18) мұғалім-логопед;
      19) дене шынықтыру бойынша нұсқаушы;
      20) музыкалық басшы;
      21) хореограф;
      22) қазақ тілі аудармашысы;
      23) әдістемелік бөлменің хатшысы;
      24) эколог.
      3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорынның басшысы;
      2) мемлекеттік мекеменің құрамындағы кітапхана меңгерушісі;
      3) мәдени ұйымдастырушы;
      4) әдіскер;
      5) аккомпаниатор;
      6) режиссер;
      7) дыбыс режиссері;
      8) музыкалық басшы;
      9) хореограф;
      10) суретші;
      11) аудармашы;
      12) кітапханашы;
      13) библиограф;
      14) редактор;
      15) бағдарламашы;
      16) нұсқаушы.
      4. Спорт мамандарының лауазымдары:
      1) спорт бойынша жаттықтырушы–оқытушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады