Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласының азаматтық қызметшілеріне жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 310 шешімі. Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 30 желтоқсанда № 9-17-131 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2014 жылғы 29 тамыздағы № 205 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 29.08.2014 № 205 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 23.10.2013 № 115 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 238 бабы 2-тармағын, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабының 4-тармағын орындауда, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласының азаматтық қызметшілеріне аудандық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 23.10.2013 № 115 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайда болған қатынастарға таратылады.

      Кезекті сессияның төрағасы                 В. Лавринец

      Аудандық мәслихатының хатшысы              У. Айғұлақов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Сарыкөл ауданы
      әкімдігінің экономика
      және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ________ И. Насыров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады