Бөлек санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 25 наурыздағы № 143 қаулысы. Қостанай облысы Таран ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 29 сәуірде № 9-18-135 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 15 тамыздағы № 377 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2011.08.15 № 377 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 1516-бабына, "Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 20-бабына сәйкес, "Жергілікті өкілетті органдарының шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың бөлек санаттарына берілетін әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 106 қаулысымен(құқықтық нормативтік актілерді мемлекеттік тізіліміндегі тіркеу нөмірі № 3606 тіркелді), "2011-2013 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 335 шешімі негізінде (құқықтық нормативтік актілерді мемлекеттік тізіліміндегі тіркеу нөмірі № 9-18-127 тіркелді), "Жергілікті өкілетті органдарының шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың бөлек санаттарына берілетін әлеуметтік көмек", бюджеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мұқтаж азаматтардың бөлек санаттарына берілетін әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      1) ай сайынғы әлеуметтік тұрмыстық қажеттілігі үшін: Ұлы Отан соғысына қатысушыларына, мүгедектеріне 4 айлық есептік көрсеткіші көлемінде; "Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 6, 8-баптарына сәйкес, Ұлы Отан соғысына қатысушыларына, мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға ай сайын екі еселі айлық есептік көрсеткіші көлемінде;
      2) арнайы туберкулез медициналық ұйымдарынан шығарылған емделудің ұстану фазасында, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратындарға табысын есептемеусіз, қосымша тамақтануға он айлық есептік көрсеткіші көлемінде, бір жолғы әлеуметтік көмек;
      3) төтенше жағдайларды енгізу негізінде, зардап шеккендерден басқа тұлғаларға, табиғи және техногендік сипаттағы (өрт, су тасқыны) пайда болған төтенше жағдайлардың салдарынан отбасыларға (азаматтарға) нақты шығыны бойынша, бірақ жетпіс айлық есептік көрсеткішінен артық емес, бір жолғы әлеуметтік көмек;
      4) оперативтік емделуге, табысына қарамастан, барлық санаттағы мүгедектерге нақты шығындары бойынша, елу айлық есептік көрсеткішінен артық емес, бір жолғы әлеуметтік көмек;
      5) жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға (отбасыларға), жеті айлық есептік көрсеткіш көлемінде,бір жолғы әлеуметтік көмек;
      6) жан басына шаққандағы орташа табысы, күнкөріс деңгейінен төмен отбасыларының он сегіз жасқа дейінгі балаларын жерлеуге, он бес айлық есептік көрсеткіші көлемінде, бір жолғы әлеуметтік көмек. Баласы қайтыс болған кезде, жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген ата-анасының біреуіне немесе өзге заңды өкіліне, өтініш берушіге бір жолғы әлеуметтік көмек тағайындалады және төленеді;
      7) жан басына шаққандағы орташа табысы, күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан, қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеу үшін, жиырма айлық есептік көрсеткіші көлемінде бір жолғы әлеуметтік көмек.Қайтыс болған кезде, жұмыспен қамту мәселелесі бойынша уәкілетті органда жұмыссыз ретінде, ресми тіркелген қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеу үшін, жерлеуді жүзеге асырған тұлғаға немесе отбасы мүшелеріне, бір жолғы әлеуметтік көмек тағайындалады және төленеді;
      8) мерекелік және айтулы күндерге бір жолғы әлеуметтік көмек:
      Жеңіс күніне – Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне бес мың теңге көлемінде; Ұлы Отан соғысына қатысушылары және мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктерге теңестірілген тұлғаларға екі мың теңге көлемінде;
      9) сауықтыру және оңалту орталықтарына баруға байланысты шығындарын өтеу үшін, мүгедектерге бір жолғы әлеуметтік көмек;
      10) мемлекеттік білім гранттарының иегерлерін қоспағанда, мемлекеттік бюджет қаражаттарының әлеуметтік көмектің басқа түрлерін алатын тұлғаларды, еңбек нарығында аса маңызды мамандықтар бойынша жоғары және техникалық, кәсіби, орта білімнен кейінгі білімді алумен байланысты, шығындарды өтеу үшін, күнкөріс деңгейінен төмен табысымен жергілікті бюджет қаражаттарына оқитын және халықтың әлеуметтік қорғау топтарына жататын жастарға, жылдық оқу бағасының мөлшерінде, әлеуметтік көмек. Оқу жылының ішінде, көмек екі рет үлесімен төленеді.
      2. Жоғарыда санамаланған әлеуметтік көмек түрлерін тағайындау және төлеу бойынша, уәкілетті орган "Таран ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) белгіленсін.
      3. Мыналар айқындалсын:
      1) әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы уәкілетті органның шешімі, бөлек санаттағы азаматтарға бір жолғы әлеуметтік көмекті төлеу жөніндегі аудандық комиссияның ұсыныстарын ескерумен қабылданады;
      2) әлеуметтік тұрмыстық қажеттілігі үшін: Ұлы Отан соғысына қатысушыларына, мүгедектеріне 4 айлық есептік көрсеткіші көлемінде; "Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 6, 8-баптарына сәйкес, Ұлы Отан соғысына қатысушыларына, мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға ай сайынғы қосымша әлеуметтік көмек, өтініш берген айынан бастап тағайындалады және алушының қайтыс болған немесе оның аудан аумағы шегінен кетуіне байланысты тоқтатылады.
      4. Әлеуметтік көмекке өтініш жасаған тұлғаның өтінішін қарастыру үшін, лауазымды тұлғалардан, басқа субъектілерден ақпарат алуды немесе тексеріспен орынға шығуды қажет етпесе, шешім лауазымды тұлғаға, субъектіге өтініш түскен күннен бастап, он бес күнтізбелік күн ішінде қабылданады.
      Әлеуметтік көмекке өтініш жасаған тұлғаның өтінішін қарастыру үшін, лауазымды тұлғалардан, басқа субъектілерден ақпарат алуды немесе тексеріспен орынға шығуды қажет етсе, шешім лауазымды тұлғаға, субъектіге өтініш түскен күннен бастап, отыз күнтізбелік күн ішінде қабылданады.
      5. Әлеуметтік көмекті тағайындаудағы бас тартудың негізгі себептері:
      1) Өтініш берушінің анықтама беруінің дұрыс еместігіне байланысты;
      2) осы қаулының 1-тармағына сәйкес, өтініш берушінің көмек көрсетілетін азаматтар санатына сәйкес еместігі.
      6. Әлеуметтік көмектің барлық түрлеріне төлемдер екінші деңгей банктері немесе банк операциялары түрлерін жүргізуге лицензиясы бар ұйымдары арқылы, әлеуметтік төлемдер ақшалай қаражатын әлеуметтік көмекті алушының жеке шотына немесе карточкалық базасының дербес шотына аудару жолымен, әлеуметтік көмек шешім шығарылған сәтінен бастап, ағымдағы айдың жиырма бесі күнінен кешіктірмей жүзеге асырылады. Қаражат жеткіліксіз болған жағдайда, ағымдағы айға әлеуметтік көмек өтініштерді тіркеудің хронологиялық тәртібінде ұсынылады.
      7. "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша, мұқтаж азаматтардың бөлек санаттарына берілетін әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасы бойынша әлеуметтік көмекті қаржыландыру жүргізілсін.
      8. Осы қаулымен қарастырылған әлеуметтік көмекті тағайындау үшін, қоса берілген қажетті құжаттар тізбесі бекітілсін.
      9. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін, күнтізбелік он күн өткен соң, қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған әрекетке таратылады.

      Таран
      ауданының әкімі                            А. Бондаренко

Аудан әкімдігінің  
2011 жылғы 25 наурызда
№ 143 қаулысына қосымша

Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті
құжаттардың тізбесі

      1. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін міндетті құжаттар:
      әлеуметтік көмек көрсетуге жолыққан тұлғаның өтініші;
      өтініш берушінің жеке басын растайтын құжат;
      өтініш берушінің тұрғылықты жерін растайтын құжат;
      салық төлеуші куәлігі;
      әлеуметтік жеке кодының көшірмесі;
      алушының ағымдағы шотын ашуды растайтын құжат.
      Өтініш берушіге,кәмелетке толмаған баланың заңды өкілі болып табылатындығын және көрсетілген мәртебесінің барын растайтын құжаттың көшірмесі.
      2. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін, қосымша мына құжаттар ұсынылады:
      1) ай сайынғы әлеуметтік тұрмыстық қажетілігі үшін: "Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 68- баптарына сәйкес, Ұлы Отан соғысына қатысушыларына, мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға;
      әлеуметтік көмекті алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі.
      2) арнайы туберкулез медициналық ұйымдарынан шығарылған емделудің ұстану фазасында туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратындарға табысын есептемей қосымша тамақтануға бір жолғы әлеуметтік көмек;
      ауырған адамның емделуде болғанын растайтын тиісті медициналық мекемеден анықтама;
      баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (кәмелетке толмаған балалар үшін);
      3) төтенше жағдайларды енгізу негізінде, зардап шеккендерден басқа тұлғаларға, табиғи және техногендік сипаттағы (өрт, су тасқыны) пайда болған төтенше жағдайлардың салдарынан отбасыларға (азаматтарға) бір жолғы әлеуметтік көмек;
      қарастырылған төлемдерді қажет ететін тиісті органнан болған оқиғаны растайтын құжат;
      келтірілген зиян сомасын растайтын құжаттар;
      әлеуметтік көмекті алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі.
      4) оперативтік емделуге, табысына қарамастан, барлық санаттағы мүгедектерге, нақты шығындары бойынша, бір жолғы әлеуметтік көмек;
      әлеуметтік көмекті алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі;
      емделу бағасын растайтын құжаттар;
      5) жан басына шаққандағы орташа табысы, күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға (отбасыларға) бір жолғы әлеуметтік көмек;
      өтініш жасаған алдыңғы тоқсанға табысы туралы мәліметтерді растайтын құжаттар;
      6) жан басына шаққандағы орташа табысы, күнкөріс деңгейінен төмен отбасыларының он сегіз жасқа дейінгі балаларын жерлеуге, бір жолғы әлеуметтік көмек;
      қайтыс болғаны туралы куәлігінің көшірмесі немесе қайтыс болғаны туралы көшірмесі;
      баланың туу туралы актілік жазбадан көшірме;
      отбасының табысы туралы мәліметерді растайтын құжаттар;
      жұмыспен қамту мәселелесі бойынша уәкілетті органда жұмыссыз ретінде, ресми тіркелген қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеу үшін, жерлеуді жүзеге асырған тұлғаға немесе отбасы мүшелеріне, бір жолғы әлеуметтік көмек
      жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген ата-анасының біреуіне немесе өзге заңды өкіліне,өтініш жасаған алдыңғы тоқсанға табысы туралы мәліметтерді растайтын анықтама;
      қайтыс болғанды отбасының бір мүшесі жерлеген жағдайда, өтініш беруші туыстық қатынасын растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады;
      өтініш беруші салттық қызметінен құжаттың көшірмесін немесе жерлеудің жүзеге асырылғанын растайтын анықтаманы ұсынады;
      7) жан басына шаққандағы орташа табысы, күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан, қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеу үшін, бір жолғы әлеуметтік көмек;
      қайтыс болғандығы туралы куәліктің немесе қайтыс болғандығы туралы анықтаманың көшірмесі;
      жұмыссыз ретінде, қайтыс болған азаматтың тіркелгендігі туралы жұмыспен қамту мәселелесі жөніндегі уәкілетті органнан анықтама;
      өтініш беруші салттық қызметінен құжаттың көшірмесін немесе жерлеудің жүзеге асырылғанын растайтын анықтаманы ұсынады;
      8) Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне бір жолғы әлеуметтік көмек: Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне,қатысушыларына және Ұлы Отан соғысына қатысушылары және мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктерге теңестірілген тұлғаларға;
      егер аталған азамат өкілетті органда есепте тұрмаған жағдайда, алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      9) және оңалту орталықтарына баруға байланысты, шығындарды өтеу үшін, бір жолғы әлеуметтік көмек сауықтыру;
      стационарлық аурудың медициналық картасының көшірмесі.
      10) жоғары және техникалық, кәсіби, орта білімнен кейінгі білімді алумен байланысты, шығындарды өтеу үшін, халықтың әлеуметтік қорғау топтарына жататын жастарға әлеуметтік көмек.
      тиісті оқу мекемесімен берілген оқу орнын және оқу жылына оқу төлемінің мөлшерін растайтын құжаттар;
      семестрлік және бүкіл оқу жылына төленетін қаржының ақысы;
      отбасы табысы туралы тоқсандық, өтінген алдыңғы тоқсанға мәліметтерді растайтын құжаттар;
      оқуы үшін төлемді растайтын құжат, төлемді жүргізгеннен кейін ұсынылады.
      3. Салыстыру үшін, құжаттардың түпнұсқасы және көшірмелері ұсынылады. Салыстырудан кейін, құжаттардың түпнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады, ал құжаттың көшірмелері расталынады және іске қалыптастырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады