2012 жылы шақыру учаскесіне 1995 жылы туған еркек жынысты азаматтардың тіркеуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қостанай облысы Таран ауданы әкімінің 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 4 шешімі. Қостанай облысы Таран ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 26 желтоқсанда № 9-18-153 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17-бабына сәйкес Таран ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. 2012 жылғы қаңтар-наурызда "Қостанай облысы Таран ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне аудан аумағындағы 1995 жылғы туған еркек жынысты азаматтардың тіркеуін ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
      2. "Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Таран аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша) "Қостанай облысы Таран ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бірге (келісім бойынша) тіркеу жөніндегі іс-шараларды өткізуге ұсыныс етілсін.
      3. "Қостанай облысы Таран ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) "Таран ауданы әкімдігінің білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бірге 1995 жылы туылған ер азаматтарды 2012 жылы шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге байланысты іс-шаралар өткізсін.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

                                                 А. Бондаренко

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қостанай облысы Таран
      ауданының қорғаныс жөніндегі
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      _____________________ О. Имашев

      "Қостанай облысы әкімдігі
      денсаулық сақтау басқармасының
      "Таран аудандық орталық
      ауруханасы" мемлекеттік
      коммуналдық қазыналық
      кәсіпорнының бас дәрігері
      ____________________ Н. Әбішев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады