Жер салығының базалық ставкаларын 50 % көтеру туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2011 жылғы 9 ақпандағы № 428 шешімі. Қостанай облысы Федоров ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 15 наурызда № 9-20-190 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2015 жылғы 10 маусымдағы № 335 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 10.06.2015 № 335 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 387-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес Федоров аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Автотұраққа (паркингтер), автомобильге май станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда; ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге; елді мекендердің (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) жерлеріне; жеке тұлғаларға өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшін қора-қопсы салынған жерді қоса алғанда; елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне: жер салығының базалық ставкалары 50 % көтерілсін.
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді.

      Кезектен тыс
      сессияның төрағасы                         В. Финк

      Аудандық
      мәслихаттың хатшысы                        С. Сералинова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады