Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңы 11 бабының 4)тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1996 жылғы 5 наурыздағы "Казақстан Республикасындағы ұйымдарды, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң Тәртiбiн бекiту туралы" N 281 қаулысына, Шарбақты ауданы мәслихаты мен әкімдігінің 2009 жылғы 26 маусымдағы N 79/16 бірлескен шешіміне, облыстық ономастика комиссиясының 2007 жылғы 12 наурыздағы қорытындысына және облыс әкiмдiгiнің 2010 жылғы 28 желтоқсандағы "Павлодар облысының кейбір елді мекендерін қайта атау туралы" N 304/19 қаулысына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Шарбақты ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:
Шарбақты ауданының Северное селолық округінің Северное селосы Сынтас селосы деп, Северное селолық округі Сынтас селолық округі деп қайта аталсын.
2. Осы шешiмнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Сессия төрағасы Р. Гафуров
Облыс әкiмi Б. Сағынтаев