Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппарат басшысы 29.01.2013 N 24/1-23/88 хаты).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5, 7, 18-1 баптарына сәйкес, халықтың нысаналы тобындағы жұмыссыздардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Нысаналы топтарға жататын тұлғалардың 2011 жылға арналған қосымша тізбесі белгіленсін:
1) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
2) әйелдер үшін 50 жастан жоғары және ер адамдар үшін 55 жастан жоғары тұлғалар;
3) ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемеген тұлғалар;
4) отбасында бір де бір жұмыс істейтін адамы жоқ тұлғалар;
5) "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жолдамасы бойынша кәсіби даярлау және қайта даярлау курстарынан өткен жұмыссыздар;
6) 2010 және 2011 жылдары оқуларын кәсіптік лицейлерде, орта арнаулы, жоғары оқу орындарында аяқтаған тұлғалар.
2. Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау бойынша "жастар тәжірибесінен" өту үшін жұмысқа орналасқан кезде оқуларын кәсіптік лицейлерде, орта арнаулы, жоғары оқу орындарында аяқтаған түлектерге 15 999 (он бес мың тоғыз жүз тоқсан тоғыз) теңге мөлшерде жұмыс берушіге өтелетін қосымша шара ретінде белгіленсін.
3. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ә.Қ. Базарбаева) нысаналы топтағы жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруды және жұмыс берушілермен жасалған келісімшарттарға сәйкес қаржыландыруды іске асырсын.
4. Осы каулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Ғ.А. Оспанқұловқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарда таратылады.
Екібастұз қаласының әкімі А. Вербняк