Бас бостандығынан қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған айыру орындарынан босатылған адамдар мен интернат ұйымдарының көмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2011 жылғы 01 шілдедегі N 526/6 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 21 шілдеде N 12-3-299 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2013 жылғы 11 маусымдағы N 547/6 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 11.06.2013 N 547/6 қаулысымен.

      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы  Екібастұз қалалық әкімдігінің 2012.06.29 N 774/7 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексі 18-бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы" Заңы 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңы 7-бабының 5-5)5-6) тармақшаларына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Меншік нысанына қарамастан Екібастұз өңірінің кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында (келісім бойынша) жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыз мөлшерінде бас бостандығынан қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған айыру орындарынан босатылған адамдар мен интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектерін жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы  Екібастұз қалалық әкімдігінің 2012.06.29 N 774/7 (жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмыс берушілерге тиісті жолдамалар беру жолымен бас бостандығынан қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған айыру орындарынан босатылған адамдар мен интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектерінің квоталық жұмыс орындарына жұмысқа орналасуларына ықпал етуді қамтамасыз етсін.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы  Екібастұз қалалық әкімдігінің 2012.06.29 N 774/7 (жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Ғ.А. Оспанқұловқа жүктелсін.

      Екібастұз қаласының әкімі                  А. Вербняк

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады