Екібастұз қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 1 шілдедегі "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар мен интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" N 526/6 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2012 жылғы 29 маусымдағы N 774/7 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 20 шілдеде N 12-3-329 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2013 жылғы 11 маусымдағы N 547/6 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 11.06.2013 N 547/6 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексі 18-бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңы 7-бабының 5-5) тармақшасына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 1 шілдедегі "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар мен интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 12-3-299 тіркелген, 2011 жылғы 28 шілдедегі N 30 (1072) "Отарқа" және N 30 (2884) "Голос Экибастуза" газеттерінде жарияланған) N 526/6 қаулысына (бұдан әрі – қаулы) келесі толықтырулар енгізілсін:
      қаулының тақырыбында және 12 тармақтарында "бас бостандығынан" деген сөздерінің алдында "қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған" сөздерімен толықтырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары А.К. Мардановаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қаласының әкімі                  А. Вербняк

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады