Екібастұз қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 4 мамырдағы "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу төртібі туралы" N 396/5 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2011 жылғы 01 шілдедегі N 527/6 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 26 шілдеде N 12-3-301 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2011 жылғы 23 тамыздағы N 751/7 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2011.08.23 N 751/7 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыздарды жұмысқа орналыстыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеуді ұйымдастыру мақсатында Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 4 мамырдағы "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 12-3-266 болып тіркелген, 2010 жылғы 27 мамырдағы N 22 "Отарқа" және N 20 "Экибастузское обозрение" газеттерінде жарияланған) N 396/5 қаулысына (бұдан әрі – қаулы) келесі өзгеріс енгізілсін:
      қаулының 1-тармағы алынып тасталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің  орынбасары Ғ.А. Оспанқұловқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қалалық әкімі                    А. Вербняк

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады