Баянауыл ауданында 2011 жылы ақылы қоғамдық жұмысты ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Баянауыл аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 11 наурыздағы N 51/3 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 07 сәуірде N 12-5-86 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Баянауыл аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 28 маусымдағы N 210/06 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Баянауыл аудандық әкімдігінің 28.06.2013 N 210/06 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың Ережесіне сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2011 жылы Баянауыл ауданында ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізуші ұйымдар тізімі, көлемі, түрлері, қаржыландыру көздері және нақты жағдайлар қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Майқайың кенті мен ауылдық округтер әкімдері, мекеме басшылары (келісім бойынша) жұмыспен қамту бөлімімен бірлесіп қоғамдық жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етсін.
      3. Майқайың кенті мен ауылдық округтер әкімдері жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жолдамасы арқылы қоғамдық жұмысқа ең алдымен нысаналы топтарға кіретін адамдарды тартсын.
      4. Қоғамдық жұмыстар үшін төленетін ақы Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленген төменгі еңбекақыдан төмен болмауға тиіс.
      5. "Баянауыл ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі аудандық бюджеттен қарастырылған қаражат шегінде қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      6. Жұмыскерлердің жекелеген санатын толық емес жұмыс күнімен жұмыс істеуге мүмкіншілік беру және жұмыс уақытын ұйымдастырудың икемді түрлерін қолдану ұсынылсын.
      7. Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 30 қаңтардағы "Баянауыл ауданында 2010 жылы ақылы қоғамдық жұмысты ұйымдастыру туралы" N 10/1  қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне N 12-5-73 тіркелген, 2010 жылғы 26 наурыздағы N 14 (263) "Баянаула баурайы" газетіне жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      8. Қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
      9. Осы қаулының орындалуын бақылау әлеуметтік саланы бағыттайтын аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      Аудан әкімі                                Е. Әйткенов

Баянауыл ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 11 наурыздағы 
N 51/3 қаулысына    
қосымша        

N р/с Ұйымдар атауы Қоғамдық жұмыс түрлері Жұмыстар көлемі және нақты жағдайы Қатысушылар саны Қаржыландыру көздері

1.

Майқайың кенті әкімінің аппараты

Көгалдандыру; көріктендіру және тазалық жұмыстарын жүргізу; өңірлік және республикалық қоғамдық науқандарға (сайлау, халық санағы, қоғамдық пікір сауалнамасы) қатысу

60 бұталарды отырғызу;
2000 шаршы метр

45

Баянауыл ауданының бюджеті

2.

Баянауыл ауылдық округі әкімінің аппараты

Өңірлік және республикалық қоғамдық науқандарға (сайлау, халық санағы, қоғамдық пікір сауалнамасы) қатысу

Тәулігіне 8 сағаттан аспайтын

15

Баянауыл ауданының бюджеті

3.

Ақсан ауылдық округі әкімінің аппараты

Көріктендіру және тазалық жұмыстарын жүргізу; баспа өнімдерін таратуға көмек; өңірлік және республикалық қоғамдық науқандарға (сайлау, халық санағы, қоғамдық пікір сауалнамасы) қатысу

800 шаршы метр;
аптасына 200 дана

10

Баянауыл ауданының бюджеті

4.

Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты

Көріктендіру және тазалық жұмыстарын жүргізу; өңірлік және республикалық қоғамдық науқандарға (сайлау, халық санағы, қоғамдық пікір сауалнамасы) қатысу

800 шаршы метр

3

Баянауыл ауданының бюджеті

5.

Торайғыр ауылдық округі әкімінің аппараты

Көріктендіру және тазалық жұмыстарын жүргізу; баспа өнімдерін таратуға көмек; ескі, жарамсіз ғимараттарды бұзып шығару; өңірлік және республикалық қоғамдық науқандарға (сайлау, халық санағы, қоғамдық пікір сауалнамасы) қатысу

800 шаршы метр; аптасына 200 дана

15

Баянауыл ауданының бюджеті

6.

Қызылтау ауылдық округі әкімінің аппараты

Көріктендіру және тазалық жұмыстарын жүргізу; өңірлік және республикалық қоғамдық науқандарға (сайлау, халық санағы, қоғамдық пікір сауалнамасы) қатысу

500 шаршы метр

8

Баянауыл ауданының бюджеті

7.

Қаратомар ауылдық округі әкімінің аппараты

Көріктендіру жұмыстарын жүргізу

500 шаршы метр

2

Баянауыл ауданының бюджеті

8.

Күркелі ауылдық округі әкімінің аппараты

Көріктендіру және тазалық жұмыстарын жүргізу; өңірлік және республикалық қоғамдық науқандарға (сайлау, халық санағы, қоғамдықпікір сауалнамасы) қатысу

800 шаршы метр

12

Баянауыл ауданының бюджеті

9.

Құндыкөл ауылдық округі әкімінің аппараты

Көріктендіру және тазалық жұмыстарын жүргізу; баспа өнімдерін таратуға көмек;
өңірлік және республикалық қоғамдық науқандарға (сайлау, халық санағы, қоғамдық пікір сауалнамасы) қатысу

800 шаршы метр; аптасына 200 дана

20

Баянауыл ауданының бюджеті

10.

Сәтбаев ауылдық округі әкімінің аппараты

Көріктендіру және тазалық жұмыстарын жүргізу; баспа өнімдерін таратуға көмек;
өңірлік және республикалық қоғамдық науқандарға (сайлау, халық санағы, қоғамдық пікір сауалнамасы) қатысу

800 шаршы метр; аптасына 200 дана

20

Баянауыл ауданының бюджеті

11.

Жаңажол ауылдық округі әкімінің аппараты

Көріктендіру және тазалық жұмыстарын жүргізу; баспа өнімдерін таратуға көмек өңірлік және республикалық қоғамдық науқандарға (сайлау, халық санағы, қоғамдық пікір сауалнамасы) қатысу

800 шаршы метр; аптасына 200 дана;

10

Баянауыл ауданының бюджеті

12.

Жаңатілек ауылдық округі әкімінің аппараты

Көріктендіру және тазалық жұмыстарын жүргізу; баспа өнімдерін таратуға көмек. өңірлік және республикалық қоғамдық науқандарға (сайлау, халық санағы, қоғамдық пікір сауалнамасы) қатысу

800 шаршы метр; аптасына 200 дана

13

Баянауыл ауданының бюджеті

13.

Ұзынбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты

Көріктендіру және тазалық жұмыстарын жүргізу;
баспа өнімдерін таратуға көмек;
өңірлік және республикалық қоғамдық науқандарға (сайлау, халық санағы, қоғамдық пікір сауалнамасы) қатысу

800 шаршы метр; аптасына 200 дана;

20

Баянауыл ауданының бюджеті

14.

Лекер ауылдық округі әкімінің аппараты

Көріктендіру және тазалық жұмыстарын жүргізу

500 шаршы метр

2

Баянауыл ауданының бюджеті

15.

Шөптікөл ауылдық округі әкімінің аппараты

көріктендіру және тазалық жұмыстарын жүргізу; өңірлік және республикалық қоғамдық науқандарға (сайлау, халық санағы, қоғамдық пікір сауалнамасы) қатысу

500 шаршы метр

2

Баянауыл ауданының бюджеті

16.

"Баянтау" газетінің редакциясы

Баспа өнімдерін таратуға көмек

Аптасына 2000 дана

2

Баянауыл ауданының бюджеті

17.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Ағымдағы құжаттармен жұмыс істеуге көмек, шұғыл хат-хабарларды жеткізу

Күніне 10-15 құжат

2

Баянауыл ауданының бюджеті

18.

М.Ж.Көпеев атындағы жалпы білім беру мектебі

Мектеп асханаларына көмек үшін аспаздың көмекшісі ретінде

Тәулігіне 8 сағаттан аспайтын

1

Баянауыл ауданының бюджеті

19.

Е.Бекмаханов атындағы жалпы білім беру мектебі

Мектеп асханаларына көмек үшін аспаздың көмекшісі ретінде

Тәулігіне 8 сағаттан аспайтын

1

Баянауыл ауданының бюджеті

20.

Шадыра жалпы білім беру мектебі

Мектеп асханаларына көмек үшін аспаздың көмекшісі ретінде

Тәулігіне 8 сағаттан аспайтын

1

Баянауыл ауданының бюджеті

21.

Ә.Марғұлан атындағы жалпы білім беру мектебі

Мектеп асханаларына көмек үшін аспаздың көмекшісі ретінде

Тәулігіне 8 сағаттан аспайтын

1

Баянауыл ауданының бюджеті

22.

С.Торайғыров атындағы жалпы білім беру мектебі

Мектеп асханаларына көмек үшін аспаздың көмекшісі ретінде

Тәулігіне 8 сағаттан аспайтын

1

Баянауыл ауданының бюджеті

23.

Ж.Аймауытов атындағы жалпы білім беру мектебі

Мектеп асханаларына көмек үшін аспаздың көмекшісі ретінде

Тәулігіне 8 сағаттан аспайтын

1

Баянауыл ауданының бюджеті

24.

Ақсан жалпы білім беру мектебі

Мектеп асханаларына көмек үшін аспаздың көмекшісі ретінде

Тәулігіне 8 сағаттан аспайтын

1

Баянауыл ауданының бюджеті

25.

Бірлік жалпы білім беру мектебі

Мектеп асханаларына көмек үшін аспаздың көмекшісі ретінде

Тәулігіне 8 сағаттан аспайтын

1

Баянауыл ауданының бюджеті

26.

Б.Хайдаров атындағы жалпы білім беру мектебі

Мектеп асханаларына көмек үшін аспаздың көмекшісі ретінде

Тәулігіне 8 сағаттан аспайтын

1

Баянауыл ауданының бюджеті

27.

К.Кеменгеров атындағы жалпы білім беру мектебі

Мектеп асханаларына көмек үшін аспаздың көмекшісі ретінде

Тәулігіне 8 сағаттан аспайтын

1

Баянауыл ауданының бюджеті

28.

N4 Баянауыл жалпы орта білім беру мектеп-интернаты

Мектеп асханаларына көмек үшін аспаздың көмекшісі ретінде

Тәулігіне 8 сағаттан аспайтын

1

Баянауыл ауданының бюджеті

29.

Баянауыл ауданы бойынша қорғаныс істері бөлімі

қарулы күштерінің қатарына шақыру мен тіркелім кезінде көмек

Тәулігіне 8 сағаттан аспайтын

2

Баянауыл ауданының бюджеті

30.

Әділет басқармасы

Ағымдағы құжаттармен жұмыс істеуге көмек

Тәулігіне 8 сағаттан аспайтын

3

Баянауыл ауданының бюджеті

31.

"Павлодар облысы мемлекеттік мұрағаты" мемлекеттік мекемесі Баянауыл бөлімі

Қордың есептік құжаттар жиынын қайтадан толтыруға көмек; істерді жинақтау және тігу

96 құжаттар жиыны

2

Баянауыл ауданының бюджеті

32.

Аудандық сот

Ағымдағы құжаттармен жұмыс істеуге көмек


1

Баянауыл ауданының бюджеті

33.

"Серпіліс" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны

Көгалдандыру;
көріктендіру және тазалық жұмыстарын жүргізу;

80 бұталарды отырғызу;
2000 шаршы метр;

29

Баянауыл ауданының бюджеті

34.

Ауданның сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі

Ағымдағы құжаттармен жұмыс істеуге көмек

Тәулігіне 8 сағаттан аспайтын

1

Баянауыл ауданының бюджеті

      Ескерту: Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбек ақы төлеу және еңбек шарты негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және орындалатын жұмыстың санына, сапасына, күрделілігіне байланысты болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады