Железин ауданының азаматтарын 2012 жылдың қаңтар - наурыз айларында әскерге шақырту учаскесінде есепке алуды өткізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің 2011 жылғы 01 желтоқсандағы N 16 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 26 желтоқсанда N 12-6-128 тіркелді. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің 2014 жылғы 05 наурыздағы N 1-16/103 хатымен)

      Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің 05.03.2014 N 1-16/103 хатымен).

      Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13)-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" N 371 қаулысына сәйкес ШЕШІМ қабылдаймын:
      1. 2012 жылдың қаңтар - наурыз айларында есепке алу жылында он жеті жасқа толған ер азаматтарды, сонымен қатар жасы асқан, бұрын есепке алынбағандарды "Железин ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - шақырту учаскесі) есепке алу жұмыстары жүргізілсін.
      2. Ауданның селолық округ әкімдері, бағыныштылығы мен меншік нысанына байланыссыз ұйымдар мен мекемелердің басшылары (келісім бойынша):
      1) есепке алынатын азаматтарды уақытылы хабарлаумен қатар шақырту учаскесіне мезгілінде жеткізуді қамтамасыз етсін;
      2) әскерге шақыру жасына дейінгілерді әскери есепке алуға байланысты міндеттерді орындау үшін есепке алынатын азаматтарды қажетті уақытқа жұмыстан (оқудан) босатсын.
      3. "Железин орталық аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша):
      1) есепке тұратын азаматтарды медициналық анықтаудан өткізу үшін маман-дәрігерлер мен медициналық қызметкерлерді тағайындасын;
      2) есепке алынатын азаматтарды тексеруді және емдеуді ұйымдастырсын.
      4. "Железин ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі  (келісім бойынша):
      1) шақырту учаскесінде шақырту комиссиясының жұмысы кезеңінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етсін;
      2) әскери міндетті атқарудан бас тартушыларды іздеуді және ұстауды жүргізсін.
      5. "Железин ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) аудан әкіміне есепке алуды өткізу нәтижелері туралы ақпарат ұсынсын.
      6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Қималиденовке жүктелсін.
      7. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Ж. Шугаев

      КЕЛІСІЛДІ

      Железин ауданының қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімінің
      бастығы                                    Н. Науразбекова
      2011.01.12

      КЕЛІСІЛДІ

      Железин ауданы ішкі істер
      бөлімінің бастығы                          К. Шайков
      2011.01.12

      КЕЛІСІЛДІ

      Железин орталық аудандық ауруханасының
      бас дәрігері                               Г. Оспанова
      2011.01.12

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады