Көктемгі - дала жұмыстарының қолайлы мерзімдері туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 24 мамырдағы N 258/3 қаулысы. Павлодар облысы Ертіс ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 03 маусымда N 12-7-121 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 25 тамыздағы N 374/5 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2011.08.25 N 374/5 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 5) тармақшасына, 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы" N 221 Қаулысына сәйкес, "Павлодар ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі ұсынысы негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2011 жылы Ертіс ауданы бойынша субсидияланатын басымды ауыл шаруашылығы дақылдар түрлері бойынша көктемгі-дала жұмыстарын өткізуге қолайлы мерзімдері келесі тәртіпте бекітілсін:
      1) жаздық бидай            15 мамырдан 31 мамырға дейін;
      2) арпа                    25 мамырдан 5 маусымға дейін;
      3) сұлы                    28 мамырдан 31 мамырға дейін;
      4) қарақұмық               30 мамырдан 5 маусымға дейін;
      5) тары                    28 мамырдан 5 маусымға дейін;
      6) күнбағыс                5 мамырдан 20 мамырға дейін;
      7) күздік бидай            20 тамыздан 25 тамызға дейін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Ғ.Сәрсембаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, ал 1 тармақтың 1)-7) тармақшалары онда көрсетілген мерзімдерде қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                В. Левченко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады