Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Лебяжі аудандық мәслихатының 17.10.2013 N 1-19/184 хаты).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабы, 1 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 24 желтоқсандағы "2011 жылғы әлеуметтік көмекке құқығы бар азаматтардың санаты туралы" (нормативті құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу - Тізілімінде N 12-9-123 болып тіркелген, 2011 жылғы 13 қаңтардағы N 3-4 (7499) "Аққу үні" аудандық газетінде жарияланған) N 5/25 шешіміне толықтырулар енгізілсін.
2. 2011 жылғы әлеуметтік көмекке құқығы бар азаматтардың санаты толықтырылып бекітілсін (қосымша тіркеледі).
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
4. Бұл шешімнің орындалуын бақылау мәслихаттың бюджеттік саясат, әлеуметтік сала, заңдылық пен адам құқығын қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Сессия төрағасы, аудандық
мәслихат хатшысы М. Смағұлов
Аудандық мәслихаттың
2011 жылғы 8 сәуірдегі
N 7/28 шешіміне
қосымша
2011 жылы жекелеген әлеуметтік көмекке құқығы бар азаматтардың санаты осы тізіммен толықтырылсын:
"38. Социалистік еңбек ерлері.
39. Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар".