Аудандық мәслихатының (IV шақырылған IV сессия) 2007 жылғы 24 желтоқсандағы "Май ауданы жерін аймақтарға бөлу сұлбасы туралы" N 7/4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 2011 жылғы 26 қыркүйектегі N 5/40 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 29 қыркүйекте N 12-10-108 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Май аудандық мәслихатының (ІV шақырылған ІV сессия) 2007 жылғы 24 желтоқсандағы "Май ауданы жерін аймақтарға бөлу сұлбасы туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 12-10-58 тіркелген, 2008 жылғы 19 қаңтарында аудандық "Шамшырақ" газетінің N 3 жарияланған") N 7/4 шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
      "Жер санаттарына бөлу" қосымшасы алып тасталынсын.
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың индустриалды-инновациялық даму және экология комиссиясына жүктелсін.

      Cессия төрағасы                            Қ. Ахметов

      Аудандық мәслихатының хатшысы              А. Төңірбергенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады