Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 18.11.2013 N 25/180 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 422-бабының 2 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ етеді:
1. Қызмет көрсететін жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін белгіленген салық ставкасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күннен соң күшіне енеді.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың заңдылық, құқық тәртібі, азаматтардың өтініштері мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Сессия төрағасы В. Литвин
Мәслихат хатшысы Т.Қожахметов
Павлодар аудандық мәслихатының
(4 шақырылған 31 кезекті сессиясы)
2011 жылғы 13 шілдедегі N 31/278 шешіміне
қосымша
Салық салу объектісінің атауы | Тіркелген салықтық базалық ставкаларының ең төменгі мөлшері (айлық есептік көрсеткіш (АЕК) |
---|---|
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы |
1 АЕК |
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы |
1 АЕК |
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер |
1 АЕК |
Ойын жолы |
5 АЕК |
Карт |
2 АЕК |
Бильярд үстелі |
3 АЕК |