Аудан әкімінің 2011 жылғы 7 ақпандағы "Павлодар ауданында сайлау учаскелерін құру туралы" N 1-ш шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар ауданы әкімінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы N 10-ш шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 23 желтоқсанда N 12-11-146 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар ауданы әкімінің 2014 жылғы 11 наурыздағы N 9-ш шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар ауданы әкімінің 11.03.2014 N 9-ш шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" N 2464 Конституциялық Заңының 23 бабы 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" N 148 Заңының 33 бабы 2 тармағына сәйкес,жергілікті және өзге де жағдайларды ескере отырып, сайлаушыларға барынша ыңғайлы жағдай жасау мақсатында ШЕШІМ қабылдаймын:
      1. Аудан әкімінің 2011 жылғы 7 ақпандағы "Павлодар ауданында сайлау учаскелерін құру туралы" N 1-ш шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 12-11-133 тіркелген, 2011 жылғы 10 ақпандағы N 6 аудандық "Заман тынысы" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      аудан әкімінің көрсетілген шешімінің қосымшасында:
      тақырыбында "Сайлау учаскелерінің тізбесі" сөздері "Сайлау учаскелері" сөздерімен ауыстырылсын;
      20 абзац келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "Сайлау учаскесінің орталығы болып Сычевка ауылы мекен-жайындағы Сычевка негізгі мектебінің ғимараты белгіленсін.";
      53 абзац келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "Сайлау учаскесінің орталығы болып Рождественка ауылы, Школьная көшесі, 1 үй мекен-жайындағы Рождественка орта мектебінің ғимараты белгіленсін.";
      66 абзац келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "Сайлау учаскесінің шекарасы: Красноармейка ауылы, Западная, Строительная, Лермонтов, Московская, 1 Май, Абай, Тельман, Терешкова, Комсомольская, Элеваторская, Заготзерновская, Новая, Киров, Школьная, Октябрьская, Мичурин, Гагарин, Механизаторская, Мирная көшелері, Калинин көшесіндегі 10/1, 10/2, 11/1, 11/2, 12/1, 12/2, 14/1, 14/2, 15/1, 15/2, 16/1, 16/2, 17/1, 17/2, 18/1, 18/2, 19, 20/1, 20/2, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 30 үйлер, 60 лет Октября көшесіндегі 31/1, 31/2, 33/1, 33/2, 35/1, 35/2, 36/1, 36/2, 37/1, 37/2, 38/1, 38/2, 40/1, 40/2, 42/1, 42/2, 44/1, 44/2 үйлер.";
      69 абзац келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "Сайлау учаскесінің шекарасы: Шаңды ауылы, Красноармейка ауылы, Ленин, Темирязев, Степная, Садовая, Целинная, Кубанская көшелері, 60 лет Октября көшесіндегі 1а, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19/1, 19/2, 20 үйлер, Калинин көшесіндегі 1, 2/1, 2/2, 3, 5, 6, 7, 8/1, 8/2, 9 үйлер.";
      77 абзац келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "Сайлау учаскесінің орталығы болып Көктөбе ауылы, N 20 үй мекенжайындағы А. Б. Иманшәріповтың тұрғын үйінің ғимараты (келісім бойынша) белгіленсін.".
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы А. Солтанғазиновқа жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Т. Бастенов

      "Келісілді"

      Павлодар аудандық
      аумақтық сайлау
      комиссясының төрағасы                      Ғ. Шагиров
      2011 жылғы 20 желтоқсан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады