Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 14.11.2013 N 1-28/1-14/274 хатымен).
Ескерту. Мәтін бойынша "екінші деңгейдегі ашық банкінің" сөздерінен кейін "немесе "Қазпошта" АҚ" сөздерімен толықтырылды - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2012.05.28 N 23/5 (жарияланғаннан күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабы 1 тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегi "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 20 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 11 бабы 2 тармағы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі N 394 қаулысымен бекітілген "Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, Успен аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Әлеуметтік төлемге құқығы бар азаматтардың санаттары:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
2) Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы ерең еңбегі үшін және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Социалистік Кеңес Одағы Республикаларының ордендерімен және медалдерімен марапатталған тұлғалар, Ұлы Отан соғысы жылдарында кем дегенде 6 ай жұмыс істегендер, ресми мәртебесі бар тұлғалар;
3) соғыс мүгедектері және олармен теңестірілген мүгедектердің екінші рет тұрмыс құрмаған әйелдері (күйеулері);
4) қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын жұмыстағы азаматтардың, "Ленинградты қорғағаны үшін" және "Блокададағы Ленинград тұрғыны" медалімен марапатталған, азаматтардың, жалпы аурудың салдарынан, еңбектік жарымжандығынан мүгедек болып танылғандардың және басқа да себептері бар екінші рет тұрмыс құрмаған әйелдері (күйеулері);
5) 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін саналған осы кезеңдерге сәйкес қалаларда, қорғанысқа қатысқан, қызмет ететін армияның бөлімдерінде әскери қызметкерлер үшін белгіленген, қызмет еткен жылдарына жеңілдік беретін жағдайдағы зейнетақы тағайындау үшін, Совет Армиясының және Әскери-теңіз флотының өз еркімен жалданбалы құрамындағы тұлғалар, Ұлы Отан соғысы кезеңінде әскер және ішкі істер органында, бұрынғы Социалистік Кеңес Одағы Республикаларының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының тұлғалары, Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі армияның құрамына кіретін, әскери бөлімнің, штабтың, мекемелердің штаттық лауазымда болғандар;
6) бұрынғы Социалистік Кеңес Одағы Республикаларын қорғағанда алған, әскери қызметтегі басқа да міндеттерін атқарған кезде немесе майданда болғанына байланысты, шалдыққан ауруы бар, әскери қызметкерлер, жарақаты бар, контузияның, жарымжандығының себебінен мүгедек болған ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органының құрамына кіретін қатардағы және басқарушы тұлғалар;
7) Жауынгерлердің жанұялары, партизандар, астыртың жұмыстағы, (хабарсыз кеткендердің), жаралардан қайтыс болғандар, бұрынгы Кенес Одағықорғауда контузия немесе зақымдану алғандар, басқа да әскери қызмет атқару кезінде (қызмет міндеттерін) немесе майданға қатысуымен байланысты аурулармен.
8) Ауған соғысында қаза болған жауынгерлердің ата-аналары, екінші рет тұрмыс құрмаған әйелі (күйеуі);
9) Ауған соғысының мүгедектері және қатысушылары, сонымен бірге басқа мемлекеттің аймағында болған басқа шайқастық қызметтерге қатысқандар;
10) Чернобыль атом электростанциясындағы апатты жоюға қатысқандар;
11) бейбітшілік уақытында әскери қызметін өтеу кезеңінде қаза болған (қайтыс болған) әскери қызметкердің отбасына;
12) республикалық маңызды жеке зейнеткерлер;
13) қысылтаяң жағдайға тап болған(өрт, екі айдан ұзаққа созылған ауру немесе басқа да), жан басына шаққанда табысы ең аз күнкөріс деңгейінен төмен тұлғалар;
14) жалғызбасты мүгедектер;
15) ең аз мөлшердегі зейнетақы алатын зейнеткерлер;
16) Қазақстан Республикасы бекіткен зейнетақы төлемін жасына байланысты толық көлемде алмайтын, бірақ зейнетақының ең төменгі мөлшерінен аспайтын зейнетақысы бар азаматтар;
17) бірақ зейнетақының ең төменгі мөлшерінен көп емес, жасына байланысты мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақы алатын, азаматтар;
18) "Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің (одан әрі - бөлім) есебінде тұрған, жұмыссыз азаматтар;
19) бөлімнің есебінде тұрған жұмыссыздарды қайтыс болған кезде жерлейтін, тұлғалар;
20) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар;
21) аз қамтамасыз етілген отбасының және жан басына шаққанда кірісі облыс бойынша белгіленген күнкөрістік шаманың (тиісті жылдың 2 тоқсаны) мөлшерінен аспайтын отбасылардың студенттері және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған (мемлекеттік білім грантына ие болу конкурсынан өте алмаған) жетімдер, сонымен бірге облыс әкімінің грантымен облыстың жоғары оқу орындарында оқуларын жалғастырушы студенттер;
22) 2012 жылы оқу бітірген, Успен ауданына жұмыс істеу үшін келген, жоғары және арнайы орта медициналық және педагогикалық оқу орындарының түлектері;
23) ауданға жұмыс үшін жаңадан келген дәрігерлер;
24) туберкулез ауруына шалдыққан тұлғалар;
25) онкологиялық ауруына шалдыққан тұлғалар;
26) 18 жасқа дейінгі мүгедек-балалар;
27) үйде оқытылатын мүгедек-балалар;
28) аз қамтамасыз етілген отбасының және жан басына шаққанда кірісі облыс бойынша белгіленген күнкөрістік шаманың көлемінен аспайтын жасанды тамақтандырылатын, 1 жасқа дейінгі балалар;
29) уақытында есепке тұрған жүкті әйелдер;
30) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарында әскери қызметін өтеп келгендер;
31) облыс бойынша белгіленген азық-түлік себетінің көлемінен аспайтын аз қамтамасыз етілген азаматтар;
32) облыс бойынша белгіленген күнкөрістік шаманың көлемінен аспайтын аз қамтамасыз етілген азаматтар;
33) денсаулық сақтау департаментімен тексеруге, емделуге жіберілген ауру балалар;
34) өзімен бірге тұратын, төрт және одан да көп кәмелет жасқа толмаған балалары бар, көп балалы Алтын және Күміс алқамен марапатталған аналар;
35 ) зейнет жасына жеткен азаматтар;
36) 80 жастан бастап және одан асқан зейнеткерлер;
37) 100 жастан бастап және одан асқан зейнеткерлер;
38) 1 топтағы мүгедектер.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2012.05.18 N 23/5 (жарияланғаннан күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.
2. Әлеуметтік көмек алу үшін әрбір санат бойынша осы шешімнің 1 тармағында көрсетілген келесі құжаттарды, бөлімге ұсыну қажет:
1) бірінші тармақшада көрсетілген санаттар үшін ай сайын – дәрі-дәрмек сатып алуға және тұрғын үй–коммуналдық қызметтерді төлеуге, жолақысына әр тоқсан сайын материалдық көмек, мерзімді басылымдарға жазылуға біржолғы материалдық көмек үшін, 9 мамыр қарсаңында біржолғы материалдық көмек, тұрғын үйді жөндеуге біржолғы материалдық көмек – тегі, аты, әкесінің аты, "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталығы" Павлодар облыстық филиалының Республикалық мемлекеттік қазыналық мекемесінің Успен аудандық бөлімі ұсынатын мемлекеттік арнаулы жәрдемақы алатын түрі, екінші деңгейдегі ашық банкінің немесе "Қазпошта" АҚ жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген, жолақысының нақты төлемін растайтын құжат (тек жолақысына тоқсан сайын материалдық көмек үшін), салық төлеушінің тіркеу нөмірі (әрі қарай СТТН);
2) 1), 3), 4), 6), 8), 9), 10), 11) тармақшаларда көрсетілген санаттар үшін тісті протездеуге біржолғы материалдық төлемақы үшін екінші деңгейдегі ашық банкінің немесе "Қазпошта" АҚ жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген өтініш, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, жеке куәлігінің көшірмесі, СТТН көшірмесі әлеуметтік жеке кодының (одан әрі - ӘБК) көшірмесі, 1), 6), 9), 10) тармақшаларда көрсетілген санаттардың мәртебесін растайтын куәлік; 3), 4), 8), 11) тармақшаларда көрсетілген санаттардың мәртебесін растайтын құжат;
3) 8-10) тармақшаларда көрсетілген санаттар үшін тұрғын үй–коммуналдық қызметтерді төлеуге ай сайын материалдық көмек, дәрі-дәрмек сатып алуға, жолақысына әр тоқсан сайын материалдық көмек, мерзімді басылымдарға жазылуға біржолғы материалдық көмек, 9 мамырға біржолғы материалдық көмек үшін – тегі, аты, әкесінің аты, "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталығы" Павлодар облыстық филиалының Республикалық мемлекеттік қазыналық мекемесінің Успен аудандық бөлімінен алынатын мемлекеттік арнаулы жәрдемақы алатын түрі, екінші деңгейдегі ашық банкінің немесе "Қазпошта" АҚ жеке есеп шотының номері көрсетілген, жолақысының нақты төлемін растайтын құжат (тек жолақысына тоқсан сайын материалдық көмек үшін) өтініш, СТТН көшірмесі;
4) 8), 9) тармақшалардағы көрсетілген санаттар үшін әскерлердің Ауғанстаннан шығарылған күніне орай біржолғы материалдық көмек үшін – тегі, аты, әкесінің аты, "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталығы" Павлодар облыстық филиалының Республикалық мемлекеттік қазыналық мекемесінің Успен аудандық бөлімінен алынатын мемлекеттік арнаулы жәрдемақы алатын түрі, екінші деңгейдегі ашық банкінің немесе "Қазпошта" АҚ жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген өтініш, СТТН көшірмесі;
5) 3-8), 11) тармақшаларда көрсетілген санаттар үшін тұрғын үй–коммуналдық қызметтерді төлеуге ай сайын материалдық көмек, дәрі-дәрмек сатып алуға әр тоқсан сайын материалдық көмек, мерзімді басылымдарға жазылуға біржолғы материалдық көмек, 9 мамырға бір жолғы материалдық көмек үшін – тегі, аты, әкесінің аты, "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталығы" Павлодар облыстық филиалының Республикалық мемлекеттік қазыналық мекемесінің Успен аудандық бөлімінен алынатын мемлекеттік арнаулы жәрдемақы алатын түрі, екінші деңгейдегі ашық банкінің немесе "Қазпошта" АҚ жеке есеп шотының номері көрсетілген өтініш, СТТН көшірмесі;
6) 2) тармақшада көрсетілген санаттар үшін 9 мамырға біржолғы материалдық көмек үшін – тегі, аты, әкесінің аты, "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталығы" Павлодар облыстық филиалының Республикалық мемлекеттік қазыналық мекемесінің Успен аудандық бөлімінен алынатын мемлекеттік арнаулы жәрдемақы алатын түрі, екінші деңгейдегі ашық банкінің немесе "Қазпошта" АҚ жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген өтініш, СТТН көшірмесі, туу туралы куәлік, неке қию туралы куәлік;
7) 12) тармақшада көрсетілген санаттар үшін жолақысына біржолғы материалдық көмек үшін екінші деңгейдегі ашық банкінің немесе "Қазпошта" АҚ жеке есеп шотының номері көрсетілген өтініш, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі СТТН көшірмесі, ӘБК көшірмесі, жеке куәлігінің көшірмесі, зейнеткердің дербес мәртебесін растайтын куәлігінің көшірмесі, жолақысының нақты төлемін растайтын құжат;
8) 13) тармақшада көрсетілген санаттар үшін бір жолғы материалдық төлем ақы үшін екінші деңгейдегі ашық банкінің немесе "Қазпошта" АҚ жеке есеп шотының номері көрсетілген өтініш, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, өрт бөлімінің,медицина мекемесінің және басқа да осыған сәйкес (өрт туралы, сырқат туралы және басқа да) органдардың анықтамасы, жеке бас куәлігінің көшірмесі, СТТН көшірмесі, ӘБК көшірмесі, барлық отбасы мүшелерінің табысы туралы анықтамалар, ауылдық әкімдіктің учаскелік комиссиясымен ұсынылған, ауыл және село округі әкімінің учаскелік комиссиясымен берілген отбасының материалды-тұрмыстық жағдайларын тексеру актісі;
9) 14) тармақшада көрсетілген санаттар үшін тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін өтеу үшін ай сайынғы материалдық көмек төлеу үшін, қатты отынға біржолғы материалдық көмек үшін – бөлімнің деректер базасына сәйкес тізім, екінші деңгейдегі ашық банкінің немесе "Қазпошта" АҚ жеке есеп шотының номері көрсетілген өтініш, СТТН көшірмесі, мүгедектігі туралы анықтама;
10) 15)-17) тармақшаларда көрсетілген санаттар үшін тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін өтеу үшін тоқсан сайын материалдық көмек төлеу үшін, азық-түлік бағасы өсуіне байланысты әр тоқсан сайын материалдық көмек төлеу үшін, 1 қазанға біржолғы материалдық көмек – тегі, аты, әкесінің аты, "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталығы"Павлодар облыстық филиалының Республикалық мемлекеттік қазыналық мекемесінің Успен аудандық бөлімінен алынатын мемлекеттік арнаулы жәрдемақы алатын түрі көрсетілген тізім, екінші деңгейдегі ашық банкінің немесе "Қазпошта" АҚ жеке есеп шотының номері көрсетілген өтініш, СТТН көшірмесі;
11) 18) тармақшада көрсетілген санаттар үшін кәсіптік оқудан өту кезеңінде материалдық көмек төлеу үшін - екінші деңгейдегі ашық банкінің немесе "Қазпошта" АҚ жеке есеп шотының номері көрсетілген өтініш, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, жеке куәлігінің көшірмесі, СТТН көшірмесі, ӘБК көшірмесі, оқу кезеңін растайтын құжат, жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама;
12) 19) тармақшада көрсетілген санаттар үшін жерлеуге материалдық көмек төлеу үшін - екінші деңгейдегі ашық банкінің немесе "Қазпошта" АҚ жеке есеп шотының номері көрсетілген өтініш, жеке куәлігінің көшірмесі, СТТН көшірмесі, қайтыс болғаны туралы куәлік, қайтыс болған кезде жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, ӘБК көшірмесі;
13) 20) тармақшада көрсетілген санаттар үшін біржолғы материалдық көмек төлеу үшін - екінші деңгейдегі ашық банкінің немесе "Қазпошта" АҚ жеке есеп шотының номері көрсетілген өтініш, жеке куәлігінің көшірмесі, СТТН көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі,ӘБК көшірмесі, босатылғаны туралы анықтаманың көшірмесі;
14) 21) тармақшада көрсетілген санаттар үшін студенттердің облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуларына төлеу үшін, тұруға, тамақтануға және тұрған жеріне дейінгі жолақысына ай сайынғы әлеуметтік төлемдер үшін - екінші деңгейдегі ашық банкінің немесе "Қазпошта" АҚ жеке есеп шотының номері көрсетілген студенттің өтініші, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, жеке куәлігінің көшірмесі, СТТН көшірмесі, білім беру қызметтерін көрсетудің келісімшарты, ауылдық әкімдіктің учаскелік комиссиясымен ұсынылған, оқуды төлеу үшін әлеуметттік көмек тағайындау кезінде ауыл және село округі әкімінің учаскелік комиссиясымен берілген әлеуметтік-тұрмыс жағдайларының тексеру актісі және жиынтық табысы туралы мәліметтер бір рет ұсынылады;
15) 22), 23) тармақшаларда көрсетілген санаттар үшін біржолғы материалдық көмек төлеу үшін - екінші деңгейдегі ашық банкінің немесе "Қазпошта" АҚ жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің, СТТН көшірмелері, жоғары оқу орынын, арнайы орта орынын бітіру туралы дипломының көшірмесі, жұмысқа қабылдау туралы бұйрығының көшірмесі, жеке еңбек келісімшартының көшірмесі, 23) санаттар үшін Успен ауданы аймағында бұрын материалдық көмек алмаған жағдайда материалдық көмек көрсетіледі;
16) 24) тармақшада көрсетілген санаттар үшін амбулаторлық емделуде жатқан науқастарға тамақтану үшін ай сайын біржолғы материалдық көмек төлеу үшін – екінші деңгейдегі ашық банкінің немесе "Қазпошта" АҚ жеке есеп шотының номері көрсетілген өтініш, жеке куәлігінің, СТТН, ӘБК көшірмелері, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, ауруханадан амбулаториялық емделуде жатқаны туралы анықтама;
17) 25) тармақшада көрсетілген санаттар үшін – біржолғы материалдық көмек төлеу үшін екінші деңгейдегі ашық банкінің немесе "Қазпошта" АҚ жеке есеп шотының номері көрсетілген науқастың өтініш сырқатты растайтын аурухананың анықтамасы және азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, жеке куәлігінің, СТТН, ӘБК көшірмелері;
18) 26) тармақшада көрсетілген санаттар үшін – мүгедектер күніне орай балаларға біржолғы материалдық көмек төлеуге - екінші деңгейдегі ашық банкінің немесе "Қазпошта" АҚ жеке есеп шотының номері көрсетілген науқас баланың ата-анасының (қорғаншының) біреуінің өтініші, сырқатты растайтын анықтама, баланың мүгедектігін растайтын құжат жеке куәлігінің, баланың тууы туралы куәлігі нің көшірмесі, СТТН, ӘБК көшірмелері;
19) 27) тармақшада көрсетілген санаттар үшін - 13 жасқа толған үйде оқытылатын мүгедек-балаларға компьютерлік техника сатып алу үшін біржолғы материалдық көмек төлеу үшін - екінші деңгейдегі ашық банкінің немесе "Қазпошта" АҚ жеке есеп шотының номері көрсетілген ата-анасының біреуінің (қамқоршысының) материалдық көмек тағайындау туралы өтініші,баланың мүгедектігін растайтын құжат, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, жеке куәлігінің, СТТН көшірмелері, баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі, ӘБК көшірмесі;
20) 28) тармақшада көрсетілген санаттар үшін – жасанды тамақтандырылатын 1 жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы материалдық көмек төлеу үшін екінші деңгейдегі ашық банкінің немесе "Қазпошта" АҚ жеке есеп шотының номері көрсетілген ата-анасының біреуінің материалдық көмек тағайындау туралы өтініші, баланың жасанды тамақтандырылатынын растайтын құжат, азаматтарды тіркеу кітапшасының көшірмесі, жеке куәлігінің және СТТН, ӘБК көшірмелері, баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі, ауыл және село округі әкімінің учаскелік комиссиясымен ұсынылған, әлеуметтік-тұрмыс жағдайларының тексеру актісі және жиынтық табысы туралы мәліметтер;
21) 29) тармақшада көрсетілген санаттар үшін - жүкті әйелдерге 12 аптаға дейінгі жүктілік мерзімімен есепке қойылған жағдайда біржолғы материалдық көмек төлеу үшін екінші деңгейдегі ашық банкінің немесе "Қазпошта" АҚ жеке есеп шотының номері көрсетілген өтініш, жүктілігін растайтын құжат, азаматтарды тіркеу кітапшасының көшірмесі, жеке куәлігінің, СТТН, ӘБК көшірмелері;
22) 30) тармақшада көрсетілген санаттар үшін біржолғы материалдық көмек төлеу үшін – тегі, аты, әкесінің аты, туған күні,үй мекен-жайы, екінші деңгейдегі ашық банкінің немесе "Қазпошта" АҚ жеке есеп шотының номері көрсетілген өтініш, жеке куәлігінің, СТТН көшірмесі, ӘБК көшірмесі, "Успен ауданының қорғаныс істері бөлімі" мемлекеттік мекемесінен анықтама;
23) 31) тармақшада көрсетілген санаттар үшін қосалқы шаруашылығын дамытуға біржолғы материалдық жәрдемақы төлеу үшін – тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, үй мекен-жайы, екінші деңгейдегі ашық банкінің немесе "Қазпошта" АҚ жеке есеп шотының номері көрсетілген материалдық көмек тағайындау туралы өтініш, СТТН көшірмесі, ӘБК көшірмесі, отбасы мүшелерінің кірісі туралы анықтама, ауыл әкімдігінің учаскелік комиссиясы ұсынған, ауыл және село округі әкімінің учаскелік комиссиясымен берілген отбасының материалды-тұрмыстық жағдайларының тексеру актісі, сатып алу - сату шарты;
24) 32) тармақшада көрсетілген санаттар үшін, сандық хабар таратуды қосуға біржолғы материалдық жәрдемақы төлеу үшін - екінші деңгейдегі ашық банкінің немесе "Қазпошта" АҚ жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген материалдық көмек тағайындау туралы өтініш, азаматтарды тіркеу кітапшасының көшірмесі, жеке куәлігінің және СТТН, ӘБК көшірмелері, отбасы мүшелерінің кірісі туралы анықтама, ауыл әкімдігінің учаскелік комиссиясы ұсынған, ауыл және село округі әкімінің учаскелік комиссиясымен берілген отбасының материалды-тұрмыстық жағдайларының тексеру актісі;
25) 33) тармақшада көрсетілген санаттар үшін – емделуге жіберілген науқас балалардың жолақысына материалдық көмек төлеу үшін - екінші деңгейдегі ашық банкінің немесе "Қазпошта" АҚ жеке есеп шотының номері көрсетілген ата-анасының біреуінің материалдық көмек тағайындау туралы өтініші, азаматтарды тіркеу кітапшасының көшірмесі, жеке куәлігінің және СТТН көшірмелері, ӘБК көшірмесі, бала тууы туралы куәліктің көшірмесі, емдеуге немесе тексерілуге берілетін жолдама, жолақысының нақты төлемін растайтын құжат;
26) 34) тармақшада көрсетілген санаттар үшін – азық-түлік бағаларының өсуіне байланысты әр тоқсан сайын материалдық көмек төлеу үшін - тегі, аты, әкесінің аты, "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталығы" Павлодар облыстық филиалының Республикалық мемлекеттік қазыналық мекемесінің Успен аудандық бөлімінен алынатын мемлекеттік арнаулы жәрдемақының түрі, екінші деңгейдегі ашық банкінің немесе "Қазпошта" АҚ жеке есеп шотының номері көрсетілген өтініш;
27) 35) тармақшада көрсетілген санаттар үшін - санаторлық-курорттық емделу үшін біржолғы материалдық көмек төлеу үшін - екінші деңгейдегі ашық банкінің немесе "Қазпошта" АҚ жеке есеп шотының номері көрсетілген материалдық көмек тағайындау туралы өтініш, ардагерлер кеңесінің қолдаухаты, санаторлық-курорттық емделуден өтудің қажеттілігін растайтын медициналық қорытынды, жеке куәлігінің, СТТН көшірмелері, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, зейнетақылық куәлігі;
28) 36) тармақшада көрсетілген санаттар үшін - 1 қазанға біржолғы материалдық көмек төлеу үшін – тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген тізім, СТТН, "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталығы" Павлодар облыстық филиалының Республикалық мемлекеттік қазыналық мекемесінің Успен аудандық бөлімінен алынатын мемлекеттік арнаулы жәрдемақы алатын түрі, екінші деңгейдегі ашық банкінің немесе "Қазпошта" АҚ немесе "Қазпошта" АҚ жеке есеп шотының номері көрсетілген өтініш";
29) 37) тармақшада көрсетілген санаттар үшін - 1 қазанға біржолғы материалдық көмек төлеу үшін – тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген тізім, СТТН, "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталығы" Павлодар облыстық филиалының Республикалық мемлекеттік қазыналық мекемесінің Успен аудандық бөлімінен алынатын мемлекеттік арнаулы жәрдемақы алатын түрі, екінші деңгейдегі ашық банкінің немесе "Қазпошта" АҚ немесе "Қазпошта" АҚ жеке есеп шотының номері көрсетілген;
30) 38) тармақшада көрсетілген санаттар үшін - мүгедектер күніне біржолғы материалдық көмек төлеу үшін – "Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің деректер базасына сәйкес тізім, екінші деңгейдегі ашық банкінің немесе "Қазпошта" АҚ немесе "Қазпошта" АҚ жеке есеп шотының номері көрсетілген, мүгедектігі туралы анықтама.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2012.05.18 N 23/5 (жарияланғаннан күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.
3. "Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік төлемдер тағайындасын және осы шешімнің 1 тармағында көрсетілген санаттағы азаматтарға келесі түрлер бойынша қызметтер көрсетілсін:
1) 1) тармақшада көрсетілген санаттар үшін тұрғын үй–коммуналдық қызметтерді төлеуге 5 айлық есептік көрсеткіш (одан әрі - АЕК) мөлшерде ай сайынғы материалдық көмек, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 1 АЕК мөлшерде тоқсан сайын материалдық көмек, 3000 теңгеге дейінгі мөлшерде бойынша жолақысына тоқсан сайын материалдық көмек, мерзімді басылымдарға жазылуға 3 АЕК мөлшерде біржолғы материалдық көмек, 9 мамыр қарсаңында 20000 теңге мөлшерде біржолғы материалдық көмек, тісті протездеуге 21500 теңге мөлшерде біржолғы материалдық көмек, тұрғын үй жөндеу үшін 100000 теңге мөлшерде біржолғы материалдық көмек;
2) 2) тармақша көрсетілген, санаттар үшін - 9 мамырға 2150 теңге мөлшерде біржолғы материалдық көмек;
3) 3)-7)-тармақшаларда көрсетілген, санаттар үшін – тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін төлеуге 1,5 АЕК мөлшерде ай сайынғы материалдық көмек, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 2 АЕК мөлшерде тоқсан сайын материалдық көмек, мерзімді басылымдарға жазылуға 3 АЕК мөлшерде біржолғы материалдық көмек, 9 мамырға 10750 теңге мөлшерде біржолғы материалдық көмек, тісті протездеуге 21500 теңге мөлшерде біржолғы материалдық көмек;
4) 8), 9) тармақшада көрсетілген, санаттар үшін – тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін төлеуге 1,5 АЕК мөлшерде ай сайынғы материалдық көмек, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 2 АЕК мөлшерде тоқсан сайын материалдық көмек, мерзімді басылымдарға жазылуға 3 АЕК мөлшерде біржолғы материалдық көмек, 9 мамырға 10750 теңге мөлшерде біржолғы материалдық көмек, 3000 теңгеге дейінгі мөлшерде бойынша жолақысына тоқсан сайын материалдық көмек, әскерлердің Ауғанстаннан шығарылған күніне орай 10 АЕК мөлшерде біржолғы материалдық көмек, тісті протездеуге 21500 теңге мөлшерде біржолғы материалдық көмек;
5) 10), 11) тармақшада көрсетілген, санаттар үшін тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін төлеуге 1,5 АЕК мөлшерде ай сайын материалдық көмек, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 2 АЕК бойынша тоқсан сайын материалдық көмек, мерзімді басылымдарға жазылуға 3 АЕК бойынша біржолғы материалдық көмек, 9 мамырға 10750 теңге мөлшерде біржолғы материалдық көмек, 3000 теңгеге дейінгі мөлшерде бойынша жолақысына тоқсан сайын материалдық көмек, тісті протездеуге 21500 теңге мөлшерде біржолғы материалдық көмек;
6) 12) тармақшада көрсетілген, санаттар 3000 теңгеге дейінгі мөлшерде бойынша жолақысына тоқсан сайын материалдық көмек;
7) 13) тармақшада көрсетілген, санаттар үшін - қысылтаяң жағдайға тап болғандарға 50000 теңгеге дейінгі мөлшерде қоса, біржолғы материалдық көмек;
8) 14) тармақшада көрсетілген, санаттар үшін - тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін төлеуге 2 АЕК мөлшерде тоқсан сайын материалдық көмек, қатты отынды сатып алуға 6 АЕК мөлшерде біржолғы материалдық көмек;
9) 15), 16), 17) тармақшада көрсетілген, санаттар үшін - тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін төлеуге 2 АЕК мөлшерде тоқсан сайын материалдық көмек, азық-түлік бағаларының өсуіне байланысты 2 АЕК мөлшерде тоқсан сайын материалдық көмек, 1 қазанға 2000 теңге мөлшерде біржолғы материалдық көмек;
10) 18) тармақшада көрсетілген, санаттар үшін – кәсіптік оқудан өту кезеңінде 5 АЕК мөлшерде материалдық көмек ай сайынғы;
11) 19) тармақшада көрсетілген, санаттар үшін – жұмыссыздарды жерлеуге 15 АЕК мөлшерде біржолғы материалдық көмек;
12) 20) тармақшада көрсетілген, санаттар үшін – 5 АЕК мөлшерде біржолғы материалдық көмек;
13) 21) тармақшада көрсетілген санаттар үшін – Қазақстан Республикасының оқу орындарындағы оқу үшін төлем осыған сәйкес оқу орындағы нақты оқу төлемі мөлшерінде, жоғары оқу орынның студенттері үшін - тұруға, тамақтануға және тұрған жеріне дейінгі жолақысына ай сайынғы әлеуметтік төлемдер 15235 теңге мөлшерде, педагогикалық және медициналық мамандықтары бойынша оқитындар үшін;
14) 22) тармақшада көрсетілген, санаттар үшін – медициналық жоғары оқу орындарының түлектеріне 500000 теңге мөлшерде, педагогикалық жоғары оқу орындарының түлектеріне 100000 теңге мөлшерде, арнайы оқу орындарының түлектеріне 50000 теңге мөлшерде біржолғы материалдық көмек;
15) 23) тармақшада көрсетілген, санаттар үшін – жаңадан келген дәргерлерге 500000 теңге мөлшерде біржолғы материалдық көмек;
16) 24) тармақшада көрсетілген, санаттар үшін – жақсы тамақтануға 5 АЕК мөлшерде ай сайынғы материалдық көмек;
17) 25) тармақшада көрсетілген, санаттар үшін – 10 АЕК мөлшерде біржолғы материалдық көмек;
18) 26) тармақшада көрсетілген, санаттар үшін – Мүгедектер күніне орай 10000 теңге мөлшерде біржолғы материалдық көмек;
19) 27) тармақшада көрсетілген, санаттар үшін факті бойынша – компьютерлік техниканы сатып алу үшін біржолғы материалдық көмек - 100000 теңге мөлшерінде;
20) 28) тармақшада көрсетілген, санаттар үшін – бала тамағына 5 АЕК мөлшерде ай сайынғы материалдық көмек;
21) 29) тармақшада көрсетілген, санаттар үшін – 5 АЕК мөлшерде біржолғы материалдық көмек;
22) 30) тармақшада көрсетілген, санаттар үшін – 5 АЕК мөлшерде біржолғы материалдық көмек;
23) 31) тармақшада көрсетілген, санаттар үшін – факт бойынша қосалқы шаруашылығын дамытуға біржолғы материалдық көмек - 150000теңге мөлшерінде;
24) 32) тармақшада көрсетілген, санаттар үшін - сандық хабар таратуды қосуға 29000 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
25) 33) тармақшада көрсетілген, санаттар үшін – 12000 теңгеге дейінгі мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;
26) 34) тармақшада көрсетілген, санаттар үшін – азық-түлік бағаларының өсуіне байланысты 3 АЕК мөлшерде тоқсан сайын материалдық көмек;
27) 35) тармақшада көрсетілген, санаттар үшін – факті бойынша, біржолғы материалдық көмек - 49000 теңге;
28) 36) тармақшада көрсетілген санаттар үшін – 2000 теңге мөлшерде біржолғы материалдық көмек;
29) 37) тармақшада көрсетілген санаттар үшін - 5000 теңге мөлшерде біржолғы материалдық көмек;
30) 38) тармақшада көрсетілген санаттар үшін - 4000 теңге мөлшерде біржолғы материалдық көмек.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2012.05.18 N 23/5 (жарияланғаннан күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.
4. Әлеуметтік төлемдерді қаржыландыру 2012 жылға арналған аудан бюджетінің шеңберінде жүзеге асырылады.
5. Осы шешімнің іске асыруының бақылауын аудандық мәслихаттың тұрақты экономика мен бюджет комиссиясына жүктелсін.
6. Осы шешім бірінші рет ресми жарияланған күннен кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енеді.
Cессия төрағасы В. Ларионов
Аудандық мәслихаттың хатшысы Т. Байғожинов