Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 14.11.2013 N 1-28/1-14/274 хатымен).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағы 15) тармақшасына сәйкес, Успен аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Успен аудандық мәслихатының 2011 жылғы 20 желтоқсандағы (IV сайланған XXXXIV сессиясы) "2012 жылға арналған аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" N 233/44 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылдың 16 қаңтарында N 12-12-120 тіркелген) төмендегі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 тармақта:
29) тармақша жаңа редакцияда баяндалсын:
"29) уақытында есепке тұрған жүкті әйелдер";
келесі редакцияда 36), 37), 38) тармақшаларымен толықтырылсын:
"36) 80 жастан бастап және одан асқан зейнеткерлер;
37) 100 жастан бастап және одан асқан зейнеткерлер;
38) 1 топтағы мүгедектер.";
2 тармақта:
1), 3) тармақшаларда "есеп шотының нөмірі көрсетілген" сөздерінен кейін ",жолақысының нақты төлемін растайтын құжат (тек жолақысына тоқсан сайын материалдық көмек үшін);" сөздерімен толықтырылсын;
7) тармақшада "растайтын кәулігінің көшірмесі" сөздерінен кейін ",жолақысының нақты төлемін растайтын құжат;"
сөздерімен толықтырылсын;
10) тармақшада "материалдық көмек төлеу үшін" сөздерінен кейін ",1 қазанға біржолғы материалдық көмек;" сөздерімен толықтырылсын;
23) тармақшада "тексеру актісі" сөздерінен кейін ",сатып алу - сату шарты;" сөздерімен толықтырылсын;
25) тармақшада "берілетін жолдама" сөздерінен кейін ",жолақысының нақты төлемін растайтын құжат;" сөздерімен толықтырылсын;
келесі редакцияда 28), 29), 30) тармақшаларымен толықтырылсын:
"28) 36) тармақшада көрсетілген санаттар үшін - 1 қазанға біржолғы материалдық көмек төлеу үшін – тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген тізім, СТТН, "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталығы" Павлодар облыстық филиалының Республикалық мемлекеттік қазыналық мекемесінің Успен аудандық бөлімінен алынатын мемлекеттік арнаулы жәрдемақы алатын түрі, екінші деңгейдегі ашық банкінің немесе "Қазпошта" АҚ жеке есеп шотының номері көрсетілген өтініш";
29) 37) тармақшада көрсетілген санаттар үшін - 1 қазанға біржолғы материалдық көмек төлеу үшін – тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген тізім, СТТН, "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталығы" Павлодар облыстық филиалының Республикалық мемлекеттік қазыналық мекемесінің Успен аудандық бөлімінен алынатын мемлекеттік арнаулы жәрдемақы алатын түрі, екінші деңгейдегі ашық банкінің немесе "Қазпошта" АҚ жеке есеп шотының номері көрсетілген;
30) 38) тармақшада көрсетілген санаттар үшін - мүгедектер күніне біржолғы материалдық көмек төлеу үшін – "Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің деректер базасына сәйкес тізім, екінші деңгейдегі ашық банкінің немесе "Қазпошта" АҚ жеке есеп шотының номері көрсетілген, мүгедектігі туралы анықтама".
3 тармақта:
9) тармақшада "тоқсан сайын материалдық көмек" сөздерінен кейін ",1 қазанға 2000 теңге мөлшерде біржолғы материалдық көмек;" сөздерімен толықтырылсын;
13) тармақша жаңа редакцияда баяндалсын:
"13) 21) тармақшада көрсетілген санаттар үшін – Қазақстан Республикасының оқу орындарындағы оқу үшін төлем осыған сәйкес оқу орындағы нақты оқу төлемі мөлшерінде, жоғары оқу орынның студенттері үшін - тұруға, тамақтануға және тұрған жеріне дейінгі жолақысына ай сайынғы әлеуметтік төлемдер 15235 теңге мөлшерде, педагогикалық және медициналық мамандықтары бойынша оқитындар үшін;";
10) тармақшада "материалдық көмек" сөздерінің алдына "ай сайынғы" сөздерімен толықтырылсын;
келесі редакцияда 28), 29), 30) тармақшаларымен толықтырылсын:
"28) 36) тармақшада көрсетілген санаттар үшін – 2000 теңге мөлшерде біржолғы материалдық көмек;
29) 37) тармақшада көрсетілген санаттар үшін - 5000 теңге мөлшерде біржолғы материалдық көмек;
30) 38) тармақшада көрсетілген санаттар үшін - 4000 теңге мөлшерде біржолғы материалдық көмек.";
шешім мәтіні бойынша "екінші деңгейдегі ашық банкінің" сөздерінен кейін "немесе "Қазпошта" АҚ" сөздерімен толықтырылсын;
орыс тіліндегі редакциядағы шешім мәтіні бойынша "ҚР" сөздері "Қазақстан Республикасы" сөздерімен толықтырылсын.
2. Осы шешімнің іске асырылуын бақылау аудан мәслихатының экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім бірінші рет ресми жарияланғаннан күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
V cессия төрағасы О. Устименко
Аудандық мәслихат хатшысы Р. Бечелова