2011 жылы мүгедектерге жұмыс орындарын үлестіру туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 16 наурыздағы N 108/2 қаулысы. Павлодар облысы Шарбақты ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 14 сәуірде N 12-13-123 тіркелді. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімі аппарат басшысының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі N 35/01-17/820 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімі аппарат басшысының 27.09.2013 N 35/01-17/820 хаты).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 13)14) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31 бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының  5-2) тармақшасына сәйкес жұмысқа орналастыруға мұқтаж мүгедектерді жұмыспен қамту және жұмысқа қабылдау мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" Мемлекеттік мекемесіне ауданның кәсіпорындарында, мекемелерінде және ұйымдарында жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының үлесі қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Мүгедекетерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын құратын ұйымдар тізбесіне енгізілген жұмыс берушілерге (келісім бойынша):
      мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін белгіленген үлестіруге сәйкес қажетті жұмыс орындарын құрады;
      жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өкілетті органның жолдамасы бойынша жұмыс орындарына орналастырады;
      кәсіпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес босаған жұмыс орындары туралы жұмыспен қамту жөнінде өкілетті органға бос орын пайда болған күннен үш күн мерзімінде ақпарат береді;
      ай сайын жұмыспен қамту бойынша өкілетті органға үлес бойынша бөлінген жұмыс орындарын толтыру туралы ақпарат береді.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Бақтылы Қайырбекқызы Қалыбаеваға жүктелсін.

      Аудан әкімі                                С. Смағұлов

Шарбақты ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 16 наурыздағы 
N 108/2 қаулысына   
қосымша         

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс
орындарын ұйымдастыратын мекемелердің тізбесі

N Ауылдық округтердің атауы Кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер Мамандығы Іске қосу мерзімі 2011 жыл

1

Шалдай ауылдық округі

"Ертіс орманы" мемлекеттік табиғи орман резерваты мемлекеттік мекемесінің келісім бойынша

жұмысшы

сәуір - шілде

2

Александровка ауылдық округі

"Абай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі келісім бойынша

жұмысшы

мамыр - тамыз


Барлығы:

2 кәсіпорын

2 жұмыс орны


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады