Санаторий-курорттық емделуге мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы

Күшін жойған

ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХXXX кезектен тыс сессиясының 2011 жылғы 29 сәуірдегі N 425 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2011 жылғы 26 мамырда N 891 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2018 жылғы 17 сәуірдегі № 224 шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 17.04.2018 № 224 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодекстің 55 бабы 1 тармағының 5 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 15 тармақшасына сәйкес және Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және жасына байланысты зейнетке шыққан зейнеткерлерге әлеуметтік көмек көрсету мақсатында IV сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Белгіленген тәртіпте тіркеуге алынған және Алматы қаласында тұрақты тұратын азаматтардың келесі санаттарына санаторий-курорттық емделуіне жолдама беру жолымен әлеуметтік көмек белгіленсін:

      1) Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне тегін;

      2) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға, сондай-ақ мемлекеттік наградалармен марапатталмаған, 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырға дейінгі кезеңде кемінде 6 ай жұмыс істеген (қызмет атқарған) адамдарға мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің есебінсіз алатын зейнетақысының 25 % мөлшерінде;

      3) жасына байланысты зейнетке шыққан зейнеткерлерге мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің есебінсіз алатын зейнетақысының 25 % мөлшерінде.

      2. Санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмек Алматы қаласының бюджетінде аталған мақсаттарға тиісті қаржы жылында қарастырылған қаржы шегінде беріледі.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының қоғамдық келісім мен әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты депутаттық комиссиясының төрағасына Е.Тәжиевқа және Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары М.Мұқашевқа жүктелсін.

      4. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

IV сайланған Алматы қаласы


мәслихатының кезектен тыс XXXХ


сессиясының төрағасы

Н. Бейсембина



IV сайланған Алматы қаласы


мәслихатының хатшысы

Т. Мұқашев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады