Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 13 бабының 4 тармағына сәйкес қалалық ономастика комиссиясы қорытындысының негізінде, бірлесе отырып, Алматы қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және ІV сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Николай Федосеев көшесінің шығысында, Бейімбет Майлин көшесінің оңтүстігінде орналасқан ықшамауданға «Жас қанат» атауы берілсін.
2. Алматы қаласы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы ықшамауданның есім көрсеткіштерін жасауға және орнатуға Алматы қаласы бюджетінен көзделген қаржы есебінен қаражат қарастырсын.
3. Түрксіб ауданының әкімі (В.Н. Устюгов) осы нормативтік құқықтық актіні іске асыру жөнінде қажетті шара қабылдасын.
4. Осы нормативтік құқықтық актінің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік мәселелер және қоғамдық келісім жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Е.Б.Тәжиевке және Алматы қаласы әкімінің орынбасары С.Т.Сейдумановқа жүктелсін.
5. Осы нормативтік құқықтық акті алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі А. Есімов
ІV сайланған
Алматы қаласы мәслихаты
ХХХХV сессиясының төрағасы Т. Мұқашев