"Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2010-2012 жылдарға арналған мемлекеттік орман қорында соның ішінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орманды пайдаланғаны үшін төлем ставкалары туралы" облыстық мәслихат сессиясының 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 20/7

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 15 наурыздағы N 32/14 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 1 сәуірде N 1772 тіркелді. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2013 жылғы 10 сәуірдегі N 01.20/126 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 10.04.2013 N 01.20/126 хаты)

      Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-ІV Кодекстің 506-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 8 шілдедегі № 477 Орман Кодексінің 14-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 5-тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШТI:
      1. «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2010-2012 жылдарға арналған мемлекеттік орман қорында соның ішінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орманды пайдаланғаны үшін төлем ставкалары туралы» облыстық мәслихат сессиясының 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 20/7 шешіміне (2010 жылғы 20 қантардағы № 1737 мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2010 жылғы 30 қаңтардағы «Солтүстік Қазақстан», 2010 жылғы 30 қаңтардағы «Северный Казахстан» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      шешімнің кіріспе сөзбасында «...Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 8 шілдедегі № 477 Орман Кодексінің 14-бабына» сөзінен кейін «2010 жылғы 26 қарашадағы № 730 Қазақстан Республикасындағы орманды үстеме пайдаланудың ережелері» сөздерімен толықтырылсын;
      1-тармақта «...табиғи аумақтарда» сөздерінен кейін «мемлекеттік орман иеленушісі беретін орман билетінің негізінде орман пайдаланушыларға арналған» сөздерімен толықтырылсын;
      облыстық мәслихаттың ХХ сессиясының 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 20/7 шешімінің 1-қосымшасындағы 4.9, 4.10, 4.11, 4.11.1, 4.11.2, 4.11.3, 4.11.4, 4.11.5 тармақтар келесі редакцияда мазмұндалсын:

4.9

Мемлекеттік орман қоры учаскесінде бір омартаны орналастыруға

1 омарта үшін 512,54 теңге

4.10

Шөп шабуға

1 га 358,78 теңге

4.11

Ауыл шаруашылығы малдарының бір басын жаю үшін

1 басқа теңгемен

4.11.1

Ірі-қара мал

1 басқа 2152,68 теңге

4.11.2

Жылқы

1 басқа 2152,68 теңге

4.11.3

Ірі қара малдың жас төлдері

1 басқа 1076,34 теңге

4.11.4

Ешкілер

1 басқа 1883,60 теңге

4.11.5

Қойлар

1 басқа 538,17 теңге

      2. Осы шешім оны бірінші ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың               Облыстық мәслихаттың
      ХХХІІ сессиясының төрағасы             хатшысы
      төрағасы
      Н.Коняхин                          Қ. Едіресов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады