2011 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге кажетті жанар-жағармай материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға субсидия нормативтерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі N 114 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 25 сәуірде N 1776 тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының 2015 жылғы 1 шілдедегі N 1.14-7/1840 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының 01.07.2015 N 1.14-7/1840 хаты).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 27-бабы 1-тармағы 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген, Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау ережесінің 6-тармағына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Белгіленсін:
      1-қосымшаға сәйкес 2011 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі;
      2-қосымшаға сәйкес көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағармай материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға субсидия нормативтері.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.С. Сапаровқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі С. Біләлов

  Облыс әкімдігінің 2011 жылғы
20 cәуірдегі № 114 қаулысына
1-қосымша

2011 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі

№ р/н
Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы
 
Дәнді дақылдар және дәнді бұршақты дақылдар:
1
Жаздық бидай
2
Күздік бидай
3
Күздік қарабидай
4
Қарақұмық
5
Тары
6
Арпа
7
Сұлы
8
Дәнді бұршақты дақылдар
9
Майлы дақылдар
10
Картоп
11
Көкөніс және бақша өнімдері
12
Жабық топырақтағы көкөністер
 
Жем-шөптік дақылдар:
13
Бірінші, екінші және үшінші жылғы көпжылдық бұршақ шөптер
14
Бірінші жылғы егілген басқа да көпжылдық шөптер
15
Сүрлемдік жүгері, сүрлемдік күнбағыс
16
Біржылдық шөптер

  Облыс әкімдігінің 2011 жылғы
20 cәуірдегі № 114 қаулысына
2-қосымша

2011 жылға арналған көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағармай материалдары мен басқа да тауарлық материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға субсидия нормативтері

№ р/н
Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы
1 гектарға арналған субсидиялар нормасы, теңге
1
Дәнді дақылдар және дәнді бұршақты дақылдар (базалық субсидиялар нормасы)
550
2
Аймақтық ғылыми негізделген агротехнологияларды сақтай отырып өсірілген дәнді дақылдар және дәнді бұршақты дақылдар
750
3
Майлы дақылдар
3 400
4
Картоп
12 000
5
Көкөніс және бақша өнімдері
12 000
6
Өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйесін қолданып өсірілген көкөністер мен бақша өнімдері
24 000
 
Жемшөптік дақылдар
 
7
Бірінші, екінші және үшінші жылғы көпжылдық бұршақ шөптер
800
8
Бірінші жылғы егілген басқа да көпжылдық шөптер
800
9
Сүрлемдік жүгері, сүрлемдік күнбағыс
800
10
Жабық топырақтағы көкөністер (бір дақыл айналымына)
300 000
11
Біржылдық шөптер
800

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады