2012 жылға арналған жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 23 желтоқсандағы N 40/4 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 19 қаңтарда N 1792 тіркелді. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2013 жылғы 10 сәуірдегі N 01.20/126 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 10.04.2013 N 01.20/126 хаты)

      «Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-ІV Қазақстан Республикасы Кодексінің 487-бабына, 2003 жылғы 9 шілдедегі № 481 Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 38-бабына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШТI:
      1. 2012 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Есіл өзені бассейнінің жер беті көздерінен су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем мөлшерлемелерi қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешім оны алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың                       Облыстық мәслихаттың
      XХХХ сессиясының төрағасы                  хатшысы
      Т. Күсемісов                               Қ. Едіресов

Солтүстік Қазақстан облыстық
мәслихатының ХХХХ сессиясының
2011 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 40/4 шешіміне қосымша

2012 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жер беті көздерінен Есіл өзені бассейнінен су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем мөлшерлері

р/
с

Арнайы су пайдалану түрі

Өлшем бірлігі

Базалық мөлшерле
ме (тең
ге)

2011 жылға арналған төлем мөлшері (теңге)

Инфляция коэффици
енті 2011* 2012

2012 жылға арналған төлем мөлшері (теңге) гр5*гр6

1

2

3

4

5

6

7

1

Тұрмыстық-пайдалану және коммуналдық
қызметтер

1000
текше м.

61

78.25

1.07

83.73

2

Жылу қуатын қоса алғанда өнеркәсіп

1000
текше м.

169

216.78

1.07

231.95

3

Ауыл шаруашылығы

1000
текше м.

48

61.57

1.07

65.88

4

Су көздерінен су алуды жүзеге  асыратын тоған шаруашылығы

1000
текше м.

48

61.57

1.07

65.88

5

Балық шаруашылығы, су көздерінен балық аулайтын тұтынушылар

1 тонна

122

156.49

1.07

167.44

6

Гидроэнергетика

1000
кВт/сағ.

17

21.8

1.07

23.33

7

Су көлігі

1000
т.км

5

6.42

1.07

6.87

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады