Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 29.03.2019 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 381-бабында келтірілген кестенің 3-бағанына, 386-бабы 3-тармағына сәйкес Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлерді қоспағанда, Петропавл қаласының жерлерінде орналасқан автотұрақтар (паркингтер) санаттары белгіленсін, осы шешімнің қосымшасына сәйкес.
2. Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлерді қоспағанда, елді мекендердің жерлеріне арналған базалық ставкалар бойынша салық салуға жататын, Петропавл қаласының жерлерінде орналасқан және 1 санаттағы автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жер учаскелеріне салық ставкалары он есе ұлғайтылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы |
Ю. Белоног |
Қалалық мәслихат хатшысы |
Р. Сыздықов |
ІV шақырылған Петропавл қалалық мәслихаты 2011 жылғы 29 наурыздағы № 3 шешіміне қосымша |
Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлерді қоспағанда, Петропавл қаласының жерлерінде орналасқан автотұрақтар (паркингтер) санаттары
Автотұрақтар (паркингтер) санаттары | Автотұрақтар (паркингтер) санаттарының атауы | |
1 | 1 санат | Көліктерді ақылы негізде уақытша сақтау бойынша қызмет көрсету үшін пайдаланылатын автотұрақтар (паркингтер) |
2 | 2 санат | Жер учаскесі иесіне немесе жер пайдаланушыға тиісті көліктер тұрағы (тоқтайтын алаң) үшін пайдаланылатын автотұрақтар (паркингтер) |
3 | 3 санат | Ұсталған көліктерді сақтау үшін пайдаланылатын автотұрақтар (паркингтер) |