Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Салық кодексі 509-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Автотұрақтар (паркингтердің) санатына қарай автотұрақтар (паркингтер) орналасқан елді мекендердің жерлері үшін базалық салық мөлшерлемелерінің мөлшері осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес ұлғайтылсын.
3. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының "Петропавл қаласының жерлерінде орналасқан және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жер учаскелеріне салынатын салық ставкалары туралы" 2011 жылғы 29 наурыздағы № 3 шешімнің күші жойылды деп танылсын (2011 жылғы 12 мамырдағы "Все будет хорошо", 2010 жылғы 13 мамырдағы "Қызылжар Нұры" газеттерінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-1-194 болып тіркелген).
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Петропавл қалалық мәслихат сессиясының төрағасы Петропавл қалалық мәслихатының хатшысы |
А. Бердағұлов |
2019 жылғы "29" наурыздағы № 2 Петропавл қалалық мәслихатының шешіміне № 1 қосымша |
Автотұрақтар (паркингтер) санаттары
№ р/р | Автотұрақтар (паркингтер) тұрпаттары | Санаттары |
1 | Ашық тұрпаттағы автотұрақтар (паркингтер) | 1 санатты |
2 | Жабық тұрпаттағы автотұрақтар (паркингтер) | 2 санатты |
2019 жылғы "29" наурыздағы № 2 Петропавл қалалық мәслихатының шешіміне № 2 қосымша |
Автотұрақтардың (паркингтердің) санатына қарай автотұрақтар (паркингтер) орналасқан елді мекендердегі жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту
№ р/р | Автотұрақтар (паркингтер) тұрпаттары | Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық ставкалары, теңге | Базалық ставкаларды ұлғайту |
1 | 1 санатты | 5,79 | он есе |
2 | 2 санатты | 5,79 | бес есе |