2011 жылға Аққайың ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме ақы және үй алу үшін әлеуметтік қолдау ұсыну туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық мәслихатының 2011 жылғы 10 наурыздағы N 27-2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 7 сәуірде N 13-2-130 тіркелді. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің 2013 жылғы 2 сәуірдегі № 04-07/1933 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің 02.04.2013 № 04-07/1933 хаты)

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңы 7-бабы 3-тармағы 4) тармақшасына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысының 2-тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. 2011 жылға өтінген қажеттілігінің есебімен Аққайың ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына:
      1) өтініш түскен кезеңнен жетпіс есептік айлық көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
      2) өтініш түскен кезеңнен тұрғын үй алу үшін мамандардың өтінген сомасында бюджеттік кредит сомасы бір мың бес жүз есептік айлық көрсеткіштен аспайтын әлеуметтік қолдауды.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық мәслихатының 2011.07.29 N 32-2 Шешімімен
      2. «Аққайың аудандық ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі ауылдық аумақтарды дамыту бойынша уәкілетті орган ретінде ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну бекітілген Ережелеріне сәйкес (одан әрі Ережелер) әлеуметтік қолдау шараларын алуға үміттенетін мамандардың құжаттарын қабылдауын және тіркеуін жүзеге асырсын, ұсынылған құжаттардың растығын тексерсін, қаржылық қаражаттың қажеттігін есеп айрысуын жасасын, Аққайың ауданы әкімдігінің жанындағы тұрақты әрекеттегі комиссиясына қарауына құжаттарды жолдасын және осы шешімнің іске асыру бойынша шаралар қолдансын.
      3. Аққайың ауданы әкімдігінің жанындағы тұрақты әрекеттегі комиссиясы бекітілген Ережелерге сәйкес ұсынылған құжаттарды қарасын және аудан әкімдігіне маманға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну немесе ұсынудан бас тарту туралы ұсыныс жасасын.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      ІV шақырылымның ХХVІІ сессия       Аудандық мәслихатының
      төрағасы                           хатшысы
      Қ. Мұхаметрахимов                  Б. Біләлов

      «КЕЛІСІЛДІ»:

      «Аққайың аудандық ауыл шаруашылығы
      және ветеринария бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                            С. Әбділманов

      «Аққайың аудандық экономика
      және қаржы бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                Т. Власова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады