Айыртау ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстау Ережелері туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2011 жылғы 3 наурыздвағы N 4-31-6 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 8 сәуірде N 13-3-131 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 маусымдағы N 5-5-3 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2012.06.27 N 5-5-3 Шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» № 155 Кодексінің 3-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» № 148 Заңының 6-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Айыртау ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстау Ережелері бекітілсін.
      2. Осы шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың ХХХI                  Аудандық мәслихаттың
      кезекті сессиясының                        хатшысы
      төрағасы
      С. Жұманов                                 Қ. Хамзин

Айыртау аудандық мәслихатының
2011 жылғы 3 наурыздағы
ХХХI кезекті сессиясының № 4-31-6
шешімімен бекітілген

Айыртау ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстау Ережелері

1. Жалпы ереже

      1. Осы Ереже Айыртау ауданының елді мекендерінде Айыртау ауданының аумағында иттер мен мысықтарды ұстауды регламенттеу мақсатында әзірленеді, (бұдан әрі - Ереже), жеке және заңды тұлғаларға осы Ережені бұзғаны үшiн жауапкершiлік белгiлейдi.
      2. Осы Ереже барлық иттер мен мысықтарды ұстайтын меншіктеріне қарамастан заңды және жеке тұлғаларға таратылады.
      3. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" № 155 Кодексiне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" № 148 Заңына және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" № 339 Заңына сәйкес әзiрленген.

2. Иттер мен мысықтарды ұстау

      4. Рұқсат етіледі:
      1) иттер мен мысықтарды тұрғын жайларда, оның ішінде, пәтерлерде ұстауға;
      2) аулада иттерді ұстауға, кіре берісте ескерту орналастырылған жағдайда;
      3) иттерді тек қана қысқа қарғы баумен әрі томағамен көшеге, аулаға басқа қоғамдық орындарға шығаруға;
      4) Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" № 339 Заңының 25-бабының 1) тармақшасына сәйкес иттер қоғамдық көліктердің артқы алаңдарында томаға кигізілген және қысқа қарғы бауда болғанда, жолаушыларға қауып тудырмаған жағдайда тасымалданады.
      5. Рұқсат етілмейді:
      1) қоғамдық орындарда, көпшілік адамдар демалатын жерлерде, мас азаматтарға әр тұқымды иттерді қыдыртуға және де итпен шығуға;
      2) иттер мен мысықтарды жалпы пайдаланымдағы жерлерде: кіреберістерде, шатырлардың астында, төлелерде, баспалдақ алаңдарында, көп қабатты үйлердің ауласында, бір қабатты көп пәтерлі үйлердің ортақ ауласында ұстауға;
      3) ашық балкондарда және лоджияларда иттер мен мысықтарды ұстауға;
      4) иттер мен мысықтарды қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарына, дүкендердің сауда жасау және өндірістік орындарына әкелуге және ұстауға.
      6. Әр түрлі аумақтарды, нысандарды күзететін күзетші иттердің иелері, қорғайтын аумаққа кіре берісте ескерту орналастыру қажет.
      7. Егер иттер мен мысықтар кіреберістерде, баспалдақ алаңдарында, спорт алаңдарында, балалар алаңдарында, көгалдарда, тротуарларда, парктер мен саябақтардың аумағында нәжіс тастаса ол жер иттер мен мысықтардың иесімен тез арада тазаланады.
      8. Айналадағыларға алаңдаушылық және қауіп – қатер туғызатын жағдайлардың мүмкіндігін болдырмағанда иттер мен мысықтарды ұстау саны шектелмеген.
      9. Дүкендердің, емдеу мекемелерінің, дәріханалардың, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының жанына иттер мен мысықтардың иелерінің уақытша байлап қойған иттер мен мысықтардан басқа, қоғамдық орындарда бірге алып жүретін тұлғасыз иттер мен мысықтар қадағалаусыз деп есептеледі және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" № 339 Заңының 10-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес аулануға тиісті.
      10. Адамдарды иттер қауып, мысықтар тістеп алған жағдайда иесi ол жөнiнде жақын арадағы медициналық және ветеринарлық мекемелерге хабарлап, иттер мен мысықтарды қарау және карантиндық іс-шаралар өткізу үшiн ветеринарлық емдеу мекемесіне апаруы тиіс.
      11. Иттер мен мысықтар өлген жағдайда иесі уқытында өлексесін тек қана мал қорымы аумағында көмуді қамтамасыз етуге міндетті.

3. Иттер мен мысықтардың иелерінің құқығы

      12. Тіркелген иттер мен мысықтар иесінің меншігі болып табылады, кез келген меншік сияқты заңмен қорғалады.

4. Иттер мен мысықтардың иелерінің осы Ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілігі

      13. Иттер мен мысықтарды ұстау Ережелерін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкімшілік тәртіп бұзушылық туралы" № 155 Кодексінің 311-бабына сәйкес иттер мен мысықтардың иелері жауапкершілікке тартылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады